Зертханалық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасы

Зертханалық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасы ҚР ДСМ Кардиология және ішкі аурулар ҒЗИ, №7 ҚКА клиникалық-диагностикалық зертханасында, ҚР ДСМ Онкология және радиология ҒЗИ  және №2 БҚКА гематология бөлімінде, сонымен қатар №3 қалалық емханада орналасқан.

Кафедрада төмендегідей пәндер оқытылады:

  1. Клиникалық зертханалық диагностика.
  2. Клиникалық биохимия.
  3. «Клиникалық зертханалық диагностикаға кіріспе»
  4. «Жалпы қан анализі»
  5.  «Эндокриндік аурулардың зертханалық диагностикасы»
  6. «Клиникалық тәжірибедегі молекулярлық-генетикалық әдістер. Дәрілік мониторинг және допинг-бақылау. Онкомаркерлар»
  7. «Хирургиядағы және акушерлік шұғыл жағадайлардың зертханалық диагностикасы»
  8. «Иммундық статусты бағалау және аллергиялық аурулардың зертханалық диагностикасы»
  9. «Қан ауруларының және неонатологиядағы шұғыл жағадайлардың зертханалық диагностикасы»

«Жалпы медицина» факультетінің 3 және 5 курс студенттері, «Мейірбикелік іс» 3 курс, емдеу және педиатриялық факультеттердің 6 курс студенттері және  «Клиникалық зертханалық  диагностика» мамандығының және шектес мамандықтардағы резиденттер білім алады.

Кафедра қызметкерлері: м.ғ.д. профессор Аблаев Н.Р., м.ғ.д. профессор Жангелова М.Б., м.ғ.к. доцент Бейсембаева Ш.А., м.ғ.к. Мендешева Г.Г.,  ассистенттер: Ускенбаева У.А., Шайкенова Л.Б., Дуйсенбаева А.Ж., Искакова А.С., аға лаборант Аскарова Г.Е., лаборант Букашева А.А. 

Байланысу ақпараты:

мекенжай:Алматы қ-сы, Айтеке би, 120, 034 бөлме (цокольдіқабат, оң)

байланыс:

қаз. бөлімі оқу меңг.,  Шайкенова Ляззат Болатовна, тел: +77759805160

орыс бөлімі оқу меңг., Мендешева Гульнара Габрахимовна, тел: +77017530139

Зертханалық диагностика және молекулярлық медицина кафедрасының тарихы

С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің  2001 жылдың  5 маусымындағы шешіміне және  2001 жылдың 19 шілдедегі № 231 бұйрыққа сәйкес студенттерді дайындаудың сапасын арттыру мақсатында 2001 жылдың 1 қыркүйегінен «Клиникалық зертханалық диагностика» оқу курсы енгізілді. Курстың меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Жангелова М.Б. тағайындалды.

2003-2004 оқу жылынан бастап оқу курсы «Клиникалық зертханалық және инструменталдық диагностика» кафедрасына айналды; штат айтарлықтай кеңейтілді, жаңа оқу пәндерін оқыту енгізілді, клиникалық микробиологияның жаңа жақсы жабдықталған  (Васtec 960, бактериологиялық анализатор Termo-labSystems, газдық хроматограф Agilent HP 6890 фирмасы), клинической биохимия, аппараттық-бағдарламалық кешен «Диаморф», ПТР — диагностика, ИФА зертханалары ұйымдастырылды.

Кафедра меңгерушісі болып м.ғ.к., доцент Бейсембаева Ш.А. тағайындалды. Оқу бөлмелері компьютерлермен жабдықталған. Кафедраның клиникалық базалары кеңейтілді –№ 7 ҚКА, қалалық диагностикалық орталық, МЖЖА, №1 перзентхана, «Хак» медициналық орталығы.

Кафедрада интернатура, клиникалық ординатура, аспирантура және докторантура ұйымдастырылды. Дәрігерлер мен мамандарды заманауи диагностикалық технологияларға оқыту жүргізілді: ПТР, ИФА, УДЗ, ЭхоКГ, ЭЭГ, спирография, бактериалдық анализаторлар, биохимиялық, гематологиялық анализаторлар және морфоденситометрия.

Ғылыми зерттеулер Кюнцигер ат. микробиологиялық зертхана базасында жүргізілді,  ол заманауи құрал-саймандармен жабдықталған және Люксембург Ұлы Герцогствосының  демеушілік көмегімен және гімен Фернанд Гольдшмиттың жеке қатысуымен ұйымдастырылған.

2006 жылдың желтоқсанында емдеу факультетінің Ғылыми Кеңесінің және терапевтік пәндердің ОМК ұсынысына байланысты инструменталды диагностика тақырыптары бойынша оқыту онкология, маммология және сәулелік диагностика кафедраларына берілді.

2008 жылы (бұйрық № 330  02.04. 2008 ж.) С.Д. Асфендияров ат. ҚазҰМУ Ғылыми Кеңесінің № 1  26.09.2007 шешімі негізінде клиникалық зертханалық-инструменталдық диагностика кафедрасы зертханалық диагностика және  молекулярлық медицина кафедрасы болып қайта аталды.

Кафедрада «Жалпы медицина» факультетінің 3 және 5 курс студенттері, «Мейірбикелік іс» 3 курс, емдеу және педиатриялық факультеттердің 6 курс студенттері және  «Клиникалық зертханалық  диагностика» мамандығының және шектес мамандықтардағы резиденттер төмендегіждей пәндерден білім алды:

Клиникалық биохимия, Молекулярлық медицина сұрақтары, Клиникалық зертханалық диагностика, Клиникалық зертханалық диагностика, Жүрек-тамыр патологиясының зертханалық диагностикасы, Құрсақ ішілік инфекциялардың зертханалық диагностика, Гемостазиологияның негіздері, Қанның жалпы клиникалық зерттеуі, Мүшелер мен тіндердің биохимиясы,Патологиялық үрдістердің биохимиясы, Заманауи диагностикалық технологиялар, Клиникалық биохимияның молекулярлық аспектілері, GLP стандарттары  және сапаны бақылау, Дәрігер-ординатордың көмекшісі, Клиникалық зертханалық диагностика шектес пәндердің  резиденттерінде, Зертханалық диагностика – резидентура (1 және 2 оқу жылдарының).

2010 ж 1 қыркүйегінен бастап 2012 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып м.ғ.д., профессор Цой И.Г. тағайындалды.

 

Біздің жетістіктеріміз

М.ғ.к., доцент Бейсембаева Ш.А. көптеген ғылыми жобалардың жауапты орындаушысы болып табылады:

  1. «Разработка и внедрение высокоэффективных геномных технологий в диагностику и прогнозирование течения и исходов инфекционных  заболеваний» (ҚР ДСМ гранты бойынша);
  2. «Генетическая структура популяций микобактерий туберкулеза, циркулирующих в Казахстане» (ҚР ДСМ гранты бойынша);
  3. «Разработка научно-обоснованной программы совершенствования лабораторной службы и обеспечение биобезопасности в Республике Казахстан» (ҚР ДСМ гранты бойынша);
  4. ҒТБ орындаушысы «Молекулярной дизайн новых противоинфекционных препаратов азоциклических соединений» (Астана биотехнологиялық ұлттық орталық және ҚР БжҒМ жалпы генетика және цитология  Алматы қ-сы).
  5. ҚазҰМУ ғылыми жобасы «Исследования факторов сосудистого повреждения и высокого риска патологии миокарда у детей с ожирением и метаболическим синдромом» педиатрия кафедрасымен бірігіп.

 

Қазіргі уақытта  М.ғ.к., доцент Бейсембаева Ш.А. ҒТБ жауаптысы болып табылады:

  1.  «Картирование эко-социальных и генетических факторов, определяющих восприимчивость к туберкулезу населения РК»  международный проект при участии Назарбаев Университет біріккен халықаралық жоба, Центр Науки о Жизни (Астана қ-сы) , Колумбийлық университет (Нью-Йорк, АҚШ),  ҚазҰМУ және фтизиатрлардың ассоциациясы
  2. Жоба барысында «Разработка модели (программы) антистарения в обеспечении активного долголетия лиц пожилого возраста Казахстана» «Разработка комплексной программы профилактики остеопороза в Республике Казахстан» (Академия питания совместно с КазНМУ), сонымен бірге кафедра қызметкерлеріде қатысады.

Кафедра жұмысының жылдары 60-тан аса мақала шығарылды, ойлап шығарғанға 6 патент алында, 2 кандидаттық диссертациялар қорғалды. Профессор Н.Р. Аблаевпен клиникалық биохимия бойынша «Биохимия в схемах и рисунках» оқулығы және 5 оқу құралы қазақ және орыс тілдерінде шығарылды, профессор  М.Б.Жангеловамен — клиникалық зертханалық диагностика бойынша 3 оқу құралы.

Кафедраның профессорлік-оқытушылар құрамымен тәжірибелік денсаулық сақтау мүшелеріне клиникалық базаларда ғана емес, сонымен қатар одан тыс белсенді көмек көрсетіледі. Профессор Жангелова М.Б. дәрігер – зерттеушілер үшін 2 көшпелі мастер класс өткізді – Тараз қ. ЕАМ-де «Шұғыл жағдайлрадың диагностикасының зертханалық әдістреі (экспресс-диагностика) және «2008-2012 жылдарға ҚР-ның зертханалық қызметінің негізгі даму бағыттары» тақырыптары бойынша, доцент Г.Г. Мендешевамен Қызылордада көшпелі «Иммуноферменттік анализ» циклында 24 дәрігер – зерттеушілер.

2004 — 2009 жылдарда кафедрамен ұйымдастырылған біліктілікті жоғарылату курстарында 16 циклда 62 дәрігер – зерттеушілер және функционалдық диагностиканың 5 дәрігері «Клиникалық зертханалық диагностиканың өзекті мәселелері», «ПТР – жұқпалы аурулардыфң диагностикасы», «Иммуноферментный анализ», «Современные диагностические технологии в КЛД», «Функционалдық диагностика. Спирография» бойынша оқытылды және біліктілікті жоғарылату бойынша куәліктер берілді. Сонымен қатар, кафедраның ПОҚ-ның жұмыс орнында Қызылорда және Оңтүстік-Қазақстан облыстарынан 4 дәрігер – зерттеушілері оқытылды.

Кафедра қызметкерлері Алматы қ. дәрігер – зерттеушілері қауымдастығының, Алматы қ. денсаулық сақтау департаменті қарамағында зертханалық құрал жабдықтарды сатып алу бойынша тендерлік   комиссияның және «Ішкі аурулар» мамандығы бойынша (I-II категориялы) аттестациялық комиссияның әрекетті мүшелері және олардың отырысына қатысады.

Кафедра жыл сайын фтизиатрия кафедрасымен бірігіп отырып бүкіләлемдік ЖИТС-ке, туберкулезге қарсы күрес күніне 2 студенттік конференция ұйымдастырады.

Кафедраның профессорлары және доценттері Алматы қаласының дәрігер-зертханашылардың ассоциациясының мәжілістеріне қатысып, Алматы қаласының денсаулық сақтау департаментінің зертханалық құрал-жабдықтар сатып алатын тендер комиссияға, және «Ішкі аурулар» мамандығының  аттестациялық комиссиясының мүшесіне кіреді. Асс. Ускенбаева У.А. проф. Т.М. Иманбаевамен бірлесіп әртүрлі гематологиялық аурулармен балаларды емдеудің хаттамаларын ұйымдастыруға қатысты. 2003 жылдан бері кафедраның жұмысы барысында 10 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциялар жүргізілді.

Кафедра жаңалықтары

2011 жылдан бері ҚР «Медициналық зертханалық диагностиканың Қазақстандық ассоциациясы» ұйым ұйымдастырылды. Вице-президенті  Бейсембаева Ш.А. болып табылады, «Лабораторная медицина»  журналының редакциялық ұжымына кафедра қызметкерлері кіреді: м.ғ.д., проф. Цой И.Г.., м.ғ.д., проф. Аблаев Н.Р., м.ғ.д., проф. Жангелова М.Б., м.ғ.к., Мендешева Г.Г, асс Искакова А.С. Кафедраның басқада қызметкерлері МЗДҚА мүшесі болып табылады. 2011 ж қараша айында  «Лабораторная медицина» журналының алғашқы баспасы шықты, 2012 жылдың 4-5 сәуірінде МЗДҚА ұйымдастырған халықаралық конференция өтті.

2012 жылдың сәуір айында МЗДҚА журналының екінші номері шығады, және бұл журнал  осы жылдың 4-5 сәуірінде болатын «Актуальные вопросы и перспективы развития лабораторной медицины Казахстана» атты ғылыми-тәжірибелік конференцияға арналған.

2012 жыл 16 наурызында тәрбие жұмысы бойынша  «Жемқорлық студенттің және оқытушының ар-намыс кодексіне сай емес» тақырыбында дөңгелек үстел өтті,  бұл үстелге №1 және №2 жатақханада тұратын студенттер және ЗД және ММ кафедрасының оқытушылары қатысты- доцент Мендешева Г.Г., асс. Шайкенова Л.Б., Искакова А.С., Дуйсенбаева А.Ж., Ускенбаева У.А., Дегемерзанова Н.К.,  аға лаборант Аскарова Г.Е. ҚР туберкулез мәселесіне арналған дөңгелек үстел өткізу 2012 жылдың сәуір айына жоспарланып отыр.

Профессор Аблаев Н.Р. жетекшілігімен «Протеосомалар» тақырыбына университет ішілік олимпиаданың 3 турына  педиатрия факультетінің 610-05 тобының студенттері Семиошко Н. және Ли К. дайындық үстінде.

2 оқу жылының резиденттері  2011 жылдың жазында «Қазақстан Республикасындағы остеопорозды алдын алуының кешенді бағдарламасын ұйымдастыру» жобасы бойынша далалық зерттеулерге қатысты ( респонденттерге анкеталау жүргізді, капиллярлы қанның зертханалық скринингін және ҚР 12 аймақтарының зерттелушілеріне өкше сүйектеріне УДЗ-денситометрия  жүргізді)