«Жемқорлық- ғасыр дерті»

Ақпанның 13-інші  жұлдызында «Саясаттану және әлеуметтану» кафедрасының оқытушысы М.И.Исаеваның жетекшілігімен Жалпы медицина факультетінің 10 топ студенттері «Жемқорлық – ғасыр дерті » атты ғылыми-оқу конференциясын ұйымдастырды. Ғылыми- оқу конференцияда «Әлемдік проблемалардың бірі- жемқорлық», «Қазақстандағы жемқорлықпен күрес», «Қазақстанның  ЖОО- дағы жемқорлық», «Ислам діні жемқорлыққа қандай көзқараста?», «Қазақстанның жемқорлыққа қарсы құқықтық аспектісі» докладтарын қорғады. Доклад қорғаушылар: А.Әлмаханова, М.Жумасилова, Қ.Нұрәзімова, Ұ.Оңғарбайқызы, Ұ.Оңғар, Д.Садыков, А.Сартбаев, Н.Шырынбеков, З.Сатенова, А.Сомбаева, Ұ.Іңкәрбекова, З.Абданбай, А.Ибраев . Бұл докладтардың мақсаты студенттер арасында «жемқорлықпен күрестің» өздерінен басталатынын, пара берген де, пара  алушы да, арасында жүрген делдал да жазасыз қалмайтындығын  әлеуметтік- заңи және діни тұрғыда насихаттау. Осы мақсатта Медицина саласында, ЖОО – дағы студент пен оқытушы арасындағы парақорлық,жемқорлық жайлы  видео- роликтер көрсетілді.  Кафедра меңгерушісі Бисембаева Зинакуль Убайдаевна өз сөзінде « Қазақстанның жарқын болашағы жастардың қолында екенін, елін, жерін сүйетін азамат өзінің қара басының қамын емес, халқының қамын ойлауы керек екендігі жайлы айтты. Сондықтан студенттерге:  «30 елдің қатарындағы дамыған Қазақстанға- жемқорлықсыз бірге аттанайық» деп үндеу тастады. Конференция соңында кафедра оқытушылары:  Н.А.Абдразакова  М.И.Исаева, А.А.Рыскиева   студенттердің үлкен дайындықпен келгендігін, бойларында ұлтына, мемлекетіне деген шексіз сүйіспеншіліктерін айқын байқағандықтарын айтып, болашақ жас дәрігерлерге үлкен сенім артатындықтарын жеткізді.

ЖМ11-010-1 К

Жумасилова Меруерт