«ЖАС ҚАЛАМГЕР» атты жас ақындар сайысы

Ақындар көбейе берсін елімізде,

Абайдай болыңыздар бәріңізде.

Қабілет қасиеттің мәңгі артын

Болыңдар қазағымның тең төрінде,

Көркейсін сендерменен елімізде.

Авторы: Жорабек Таңшолпан.

Кешегі 28.02.14 жылы жұлдызды күні Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық медицина Университетінің №1  жатақханасында « Жалпы Медицина» Факултетінің 1- курс студенттері арасында «ЖАС ҚАЛАМГЕР» атты Жас ақындар сайысы өткізілді.

Осы кешке ЖМ факультетінің  зам. деканы  Ж. Жанбосыновна қатысты.  Кештің мақсаты: болашақ дарын иелерінің ой – өрісін дамыту, қабілеттерін байқау, ақын ретінде фантазиясын бағалау болды. Әділ бағасын берген әділ- қазы алқалары :Биохимия Кафедрасының доценті Арай Асканбаевна

Студенттер кеңесінің мүшесі Альдиярова Айдана мен Сатекбаева Әсел болды.

Жарысқа қатысқан Жас ақындар:

1- орын Мамбетова Айнұр

2- Орын Шермахметова Сәния

3- орын Қадір Фархад.

Алғыс хат иегерлері:

Жорабек Таңшолпан,

Нүркенов Рауан,

Өркенқызы Құлпынай,

Баймолда Арайлым,

Сейдазым Ақерке.

Бұл сайыста бірнеше кезеңнен:Өз өлеңін шығарып мәнерлеп оқу, мақал мәтел, ситуациялық жағдай, өз өнер кезеңдері болды. Ақындар ситуациялық жағдайдан керемет  өте білді сол жерде тұрып берілген сөзге өлең шығарғанда айтарға сөзіміз жоқ.  Шіркін –ай,  өз өнерін айтсақ көз алдымнан мың бұралып билеп, адам жүрегін тебірентіп өлең оқығаны, әні мен сөзін жазып сахна төрінде өлең айтып, гитара да тартты. Сайысқа  « ЧАЙКОВСКИЙ  ӨНЕР КОЛЕДЖІНІҢ ҰЛДАРЫ» ән айтты, түрлі аспапта өнер көрсетіп көрермендер көңілін сергіте алды. Біздің Медицинада оқитын ұлдарымызда олардан кем түспей гитарамен ән айтып, домбыранын құлағында Құрманғазы секілді жырын арнады. Кеш жүргізушілері де адам назарын аудартты. Осы сайыстың соңында Шыңғыс « Сенші маған »  әнімен қыздардың көңілін таба алды. Ақындардың  өлең шығару қабілеті мен мәнері,  өнері кәдімгі ақындарша өте керемет болды.  Осындай Еліміздің жырын жырлап, Қазақ елін рухтандырар ақындарымыз көбейіп, өркендей берсін!

«Ақындар сайысын»  ұйымдастыруға ұйытқы болған Студенттер кеңесі. Кеш ұйымдастырушысы: Кішібекова Мөлдір мен Асан Ақерке.

Авторы : Мәдениет секторы: 1курс студенті Асан Ақерке