«Жастар біздің болашағымыз»

Жастар – еліміздің экономикалық,мәдени және қоғамдық өмірдің барлық салаларына қатыстылығы жағынан алғанда, болашағы зор, қоғамның маңызды бөлшегі.Осыған байланысты 27қыркүйек күні №1жатақханада 1 курс студенттеріне араналған «Жастар біздің болашағымыз» атты мерекелік кеш өткізілді.

Кешімізді Саттулаев Бердах қазақтың қасиетті қара домбырасының күмбірленен үнімен ашып берді.Әрі қарай биші қыздарымыз Оңалбекова Дариға мен Данайбек Бақытгүл мың бұрала қазақ,испан билерін билеп көрермендердің қошеметіне бөленді.Одан соң  әнші қыздарымыз Әуелбекова Ақерке мен Балхан Назгүл «Асыл достар» әнін орындап кешімізді қыздыра түсті.Қыздарымызбен қатар,жатақханамыздың жігіттері  де өте талантты.Оқу жылы басталғанына бір ай толмастан КТК(Көңілді тапқыштар клубын)құрып үлгерді.Осы кеште жігіттеріміз өздерінің өнерлерімен,әдемі әзілдерімен көрермендердің ықыласына бөленді. Ойын өте әсерлі де,қызық өтті.Кеш арасында қызықты ойындар ойнатылды.Бізде тек мұнымен бітпейді. Гитараның құлағында ойнайтын жігіттеріміз де өте көп.Соның ішінде Сапархан Әкім, Әбу Бауыржан, Нүркенов Рауандар бар.Бұл жігіттер қазақ орыс тілдерінде және өз жандарынан шыққан әсем әуендерімен, әдемі өлең жолдарымен көрермендерді одан әрі таң қалдыра түсті.Әнші жігіттер Қазыхан Жамбыл мен Серікбаев Бауыржан, Тілеуқұлов Бекжан қоңыр дауыстарымен әке,ана туралы ән шырқап,студенттерінің сағынышын бір басып тастады.Жүргізушілер Қуаныш пен Ақерке де кешті керемет өткізді.Міне екі сағаттай уақатқа созылған кешіміз бес минуттай болып өтіп кеткенін өзіміз де байқамай қалыппыз.Кеш соңы би кешімен жалғасты.

№1жатақхана ақпарат секторы

 Есмуратова Альфинур

3курс студенті