Жалпы медицина факультеті

Жалпы медицина факультетінің тарихы

2006 жылдың 24 сәуіріндегі №317 Үкімет Қаулысымен Қазақстан республикасында медициналық және фармацевтикалық білім беруді Қайта құру концепциясы қабылданды.

Осы концепцияға сәйкес медицина саласындағы жоғары білімді мамандар дайындау базалық медициналық білім беру (БМБ) аумағында «Жалпы медицина» мамандығы бойынша дәрігер біліктілігін берілуі (5+2) қарастырылып, соңғы 2 жыл – интернатура болып саналады. Интернатураны аяқтағаннан кейін, клиникалық мамандық бойынша мемлекеттік аттестацияны өтіп сәйкес құжат беріледі. «Жалпы медицина» мамандығын алған, бірақ интернатураны өтпеген түлектер клиникалық тәжірибеге жіберілмейді.

«Жалпы медицина» мамандығы бойынша базалық медициналық білімді (5+2) аяқтаған түлектер «дәрігер» біліктілігін алады. Оқу бітірген түлектерге жалпы тәжірибелік дәрігер немесе гигиена-эпидемиология бағытында дәрігер ретінде дербес тәжірибелік қызмет етуге рұқсат беріледі, сонымен қатар олар резидентурада оқуын жалғастырып, жекелеген мамандық игерулеріне болады (2-4 жыл). Резидентура мамандықтары бойынша білім алған мамандар сертификат және лицензияландыруға емтихан тапсырғаннан кейін ғана дербес тәжірибелік қызметке рұқсат алады.

051301-«Жалпы медицина» мамандығы бойынша 5 жылдық оқуды бітірген маман клиникалық іс-тәжірибемен байланысты емес мамандық бойынша жұмыс жасауға ынталанса, ол оқуын магистратурада жалғастырып ғылыми-педагогикалық бағытты таңдай алады.

051301 «Жалпы медицина» мамандығы бойынша кадрларды дайындау құрылымы

БАКАЛАВРИАТ (5 жыл)
МАГИСТРАТУРА ИНТЕРНАТУРА (2 жыл)
1.Кәсіптік бағыт(1 жыл)

2.Ғылыми-педагогикалық бағыт

(2 жыл)

1.Жалпы дәрігерлік тәжірибе 2.Гигиена және эпидемиология 3.Ішкі аурулар 4.Хирургия 5.Педиатрия 6.Акушерия және гинекология
Лицензияландыру РЕЗИДЕНТУРА (2-4 жыл)
Ғылыми-педагогикалық жұмыс Тәжірибелік жұмыс Лицензияландыру (маман сертификаты)
Тәжірибелік жұмыс
ДОКТОРАНТУРА (3 жылдан кем емес)
Үздіксіз кәсіптік даму

ҚазҰМУ ректорының 02.09.07 жылғы №874 бұйрығымен жалпы медицина факультетінің деканаты құрылды.

Факультет деканы болып биология ғылымдарының кандидаты, доцент

Джумашева Рахима Тажибаевна сайланды. Ең алғаш деканат штаты үш деканының орынбасарынан, бір хатшыдан тұрды.

Қазір жалпы медицина факультетінің деканат құрамына декан, деканның 7 орынбасары және 3 хатшы кіреді.

Деканның орынбасарлары:

Наккажина С.Х., Бейсегулова Г.Н., Абдыкалыкова А.И., Кашаганова К.Т., Мусаева Г.А., Турсынбаева Р.А., Тусупбекова С.К., Оспанов Т.Т.

ҚазҰМУ ректорының 24.09.07 жылғы №312 бұйрығымен жалпы медицина факультетінің Ғылыми Кеңесі құрылды. Қазір оның құрамында 15 кафедра бар. Осы кафедралардың меңгерушілері Ғылыми Кеңес мүшелері.

Факультеттің профессорлық-оқытушылық құрамында белгілі ғалымдар: ҚР ҰҒА академигі, қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі А.Р.Рахишев, ғылымға еңбегі сіңген қалыпты физиология кафедрасының профессоры Х.К.Сатпаева, медицина ғылымдарының докторлары, профессорлар А.Д.СоколовЗ.С.Абишева, Е.У.Куандыков, Р.И.Юй, М.А.Асимов, Г.М.Есенжанова, А.Х.Хамзин, Г.М.Пичхадзе, А.Н.Нурмухамбетов, Иржанов С.И. және т.б. жұмыс істейді.

Факультет кафедраларында бүгін 29 ғылым докторы117 ғылым кандидаты бар 331 оқытушы жұмыс атқарады, қазақ, орыс және ағылшын тілінде 3670 студент білім алуда.

Жалпы медицина факультетіндегі оқу үдерісі

Ғылыми жұмысұйымдастырудауниверситеттегі

ЕҢ ҮЗДІК ФАКУЛЬТЕТ

Алматы-2010

Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дегі студенттердің ІІ республикалық олимпиядасыАлматы-2010 ІІ международная студенческая научная конференцияМустафазаде Айнури«Morphofunctional changes rat kidneys in intoxication unsymmetrical 1,1-dimethyl and use of drug Kermek Gmelin»

Москва-2010 г.

«Ғылым күні»Панарбек Гульназ «Макромедия толық бағдарламасымен жасалған электрондық кітап»Алматы-2009
«Ғылым күні»Абдыкадыров Мажит «Апоптоз – физиология ма, әлде патология ма?»Алматы-2009 «Медицина қызметкерлері күні»Абдыкадыров Мажит «Оказание медицинской помощи при ЧС: предупреждение, спасение, помощь»Алматы-2009 «Ғылым күні»Құлмағанбетов МұхитАлматы-2010 «Ғылым күні» Құлмағанбетов Мұхит Алматы-2010

Факультет студенттерінің мәдени өмірі

Факультетте студенттердің Өзін-өзі басқару ұйымы, Дебат клубы, Нұр ұйымы, жатақханада Студенттер кеңесі жұмыс істейді. Олар сабақтан тыс уақытта университеттің қоғамдық өміріне белсене араласады, студенттер арасында мәдени шаралар өткізеді. Республикалық, қалалық турнирлерге, жарыстарға қатысады.

zhazira
Факультет студенттерінің алғашқы рет ұйымдастарған мәдени шарасы«Наурыз-2008»Факультеттің тұсау кесері Студенттердің өзін-өзі басқару ұйымы ұйымдастарған«Наурыз-2009» мерекесіҰлттық салт-дәстүрден көрініс
Университет бойынша алғаш рет жалпы медицина факультетінде құрылғанДебат клубының мүшелері Факультет студенттері Онкология ғылыми зерттеу институтының балалар бөлімшесіндегі жобамен жұмыс істеді
Факультет студенттері«Здоровая Азия» қоғамдық қоры ұйымдастырған «Сүт бездері ауруларының алдын-алу» мәселелері жөніндегі №4 халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияға қатысты Факультет студенттеріспорттық шаралардан да алдыңғы қатарлардан көрініп келеді

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ оқытушысының

АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Оқытушы студентті Отанға, Мемлекеттік рәміздерге деген мақтаныш, махаббат, адалдық және зор құрмет сезімдеріне тәрбиелейді; студенттің Университет ұжымына қатыстылығын түсінуге, оның тарихы мен қалыптасқан дәстүрлерін, қол жеткізген жетістіктерін білуге жетелейді; қазақстандық медицинаның парасатты дәстүрлерін байыта түседі.Оқытушы Университет жұмысының барлық аяларында азаматтық және кәсіби жауапкершілік танытады, білім берудің еуропалық жоғары стандарттарына қол жеткізуге ұмтылады.Оқытушы жоғары білім беру ісіндегі интернационализацияның мәнін терең түсінеді, студенттердің академиялық мобильділігінің дамуына ықпал жасайды.Оқытушы өзінің кәсіби және педагогикалық шеберлігін жоғарылату бойынша ұдайы жұмыс жүргізеді, заманауи технологиялар мен дәлелді медицина аяларындағы жаңа жетістіктермен сәйкестікте белсенді ғылыми-зерттеу ізденістерін іске асырады.Оқытушы кәсіби тәуелсіз, өзіне және өз әрекеттеріне жоғары талап қоя біледі, қателері мен кемшіліктерін мойындап, оларды тиісті дәрежеде түзейді. Әріптестермен арадағы қарым-қатынаста оқытушының ар-намысы мен абыройы оқытушыны төмендететін әдістерге (жасырын хаттар, балағат сөздер, намысқа тию және т.б.) жол бермеуі тиіс. Оқытушы өз жұмысында өзге біреудің материалын сілтемесіз қолдануға (плагиат), сыбайлас жемқорлыққа, парақорлыққа және қиянат жасаушылыққа жол бермейді. Оқытушы студенттердің намысына тию, абыройын төмендету жағдайларына қарсылық білдіреді; өнегелі ұстаз, адамгершілік құндылықтардың үлгісі болып табылады.

С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ студентінің

АР-НАМЫС КОДЕКСІ

Студент – Қазақстан Республикасының патриоты, мемлекеттік рәміздерді – әнұранды, байрақты және елтаңбаны, мемлекеттік тілді Егеменді Қазақстанның маңызды атрибуттары ретінде қастерлейді.Студент әрдайым өзінің жоғары парасатты медициналық мектептің өкілі екендігін есінен шығармайды, оның абыройы мен беделін жоғары бағалайды.Студент үздіксіз кемелдену, жоғары зияткерлік, шығармашылық белсенділікті қалыптастыру және нарықтық экономика жағдайында өзін-өзі іс жүзінде таныту қажеттілігін терең түсінеді.Студент жалпыадамгершілік моральдық-этикалық ұстанымдарды басшылыққа алады, университеттің ұжымдық мәдениетін сақтайды.Студент университтің ұжымдық мәдениеті мен моральдық нормаларды сақтайды, этносаралық келіспеушіліктерге, діни экстремизмге, ұлттық және жемқорлық құқықбұзушылықтарға жол берілмеуі тиіс деп біледі.Студент өзінің кәсіби құзіреттілікті, ғылыми білімді, ұстанымдарды, науқасқа қатысты ақпараттық құпиялылықты қатаң қадағалауы тиіс екендігін түсінеді.Студент оқытушылармен арадағы қарым-қатынасты үлкендерге деген құрмет, ризашылық және ізет сезімдеріне негізделіп орнатады.Студент студенттік қауымдастықтың халықаралық деңгейдегі интернационализациясы қажеттілігін және шет тілімен бірге үштілділіктің қажеттілігін мойындайды.Студент үлгерім, Университеттегі іс-әрекет нормалары мен ішкі тәртіп ережелерінің сақталуы, өзге біреудің материалын сілтемесіз пайдалану (плагиат), білімді тексерудегі заңсыз әдістер үшін жауапкершілікті мойындайды.Студент салауатты өмір салтын ұстанады және маскүнемдік, бұзақылық, нашақорлық, т.б. әлеуметке зиянды көріністерге қарсылық білдіреді.Студент Ар-намыс Кодексін – С.Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың негізгі этикалық құжатын бұлжытпай сақтайды.

Факультет жаңалықтары

Тамылжыған ән мен мың бұралған би

МЖМББС-2006 жылғы жаңа буынды бағдарламаның енгізілуімен байланысты 2007 жылы негізі қаланған жалпы медицина факультетінің, сонымен қатар Қазақстан медицинасының негізін қалаушы С.Ж.Асфендияровтың туылған күні университетіміздің конгресс-холында аталып өтті. Университеттің жетекші факультеттерінің бірі, медицинаның алғышарттарымен, медициналық базалық пәндерді студенттердің бойына егетін құрылымдық бөлімше осы төрт жыл ішінде төрт жарым мыңдай студентті білім нәрімен сусындатып отыр. Күй күмбірлеп, ән шырқалып, би биленген кешке университетіміздің ректоры А.А.Ақанов, оқу-әдістемелік жұмыс жөніндегі проректор Г.М.Есенжанова, кафедра меңгерушілер мен оқытушылар қатысып кештің шырайын келтірді.

DSCN0505DSCN0525

PA300637

Факультет студенттерінің бастамасымен университет ректоры А.А.Ақановқа С.Ж.Асфендияров атындағы сыйлық, факультет деканына құрметті декан сыйлығы ұсынылды.

Болашақ кәсіби мамандар тек өз ісінің білгірлері болып қана қоймай сонымен қатар, өнерлі, талантты студент екендігін көрсетті. Мың бұрала билеген Бердібекова Айгерім, Әбілова Гүлстан, қара жорға биін билеген Нұрақыман Ардақ, Нұртас Гаухар, тамылжыған даусымен таң қалдырған Тоғымова Перизат, Тұрғанбаева Ардақ, Артықов Ақиқат, Шомпиева Маржан, Абдукадирова Айгерім, Әуелбеков Бағлан, «Нұр» квартеті көрерменнің көңілін аулап, кештің қызығын арттырды.

Той қашанда тәттісіз өтпеген кеш соңынан бірінші курс студенттеріне балмұздақ пен торт тарту етілді.

Жалпы медицина факультеті деканының тәрбие жұмысына жауапты орынбасары Жамила Түгелбайқызы