“Ең үздік интерн-психиатр” зияткерлік ойын сайысы өтті

Қарашаның 18-ші жұлдызында  Асфендияров атындағы Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің психиатрия және наркология кафедрасының интернатура және резидентура курсы ұйымдастыруымен “Ең үздік интерн-психиатр”  зияткерлік ойын сайысы өткізілген болатын (курс меңгерушісі м.ғ.д,профессор Джарбусынова Б.Б).Сайыстың өткізілуіне медицина ғылымының кандидаты,психиатрия пәнінің мұғалімі,доцент Джамантаева  Мария Шоқпарқызы мен 602-2 топтың интерні Серік Қасым белсене қолдау көрсетті.

Ойынға жалпы тәжірибелік дәрігер факультетінің үш тобынан интерндер қатысып,өз білімдерімен бақ сынасты,қалған жеті топтың интерндері жанкүйерлер ретінде қатысты. Жалпы зияткерлік сайыс барысы 3  айналымнан тұрды.Сайысқа әр топтан құралған,барлығы 10 интерн қатысты. Зияткерлік сайысты бастамас бұрын сайысқа қатысушылардың әрқайсысы өздерін таныстырып өтті.1-ші  этапта  әр интерн бір-бірлеп,арнайы  бағдарламамен жасалған тест сұрақтарына  жауап берді.Тест нәтижелері бірден экраннан шығып,көрермендерге көрініп тұрды.Осы тест нәтижесі бойынша ең төмен балл жинаған және бірдей баллға ие болған интерндердің  арасында уақыты бойынша қалыс қалған  5 интерн сайыстан шығарылды.

2-ші айналымды бастамас бұрын зияткерлік сайыстың ұйымдастырушысы,әрі жүргізушісі интерн Серік Қасым  ЭКСПО-2017 және Универсиада-2017 туралы қызықты ақпараттарымен бөлісті.

2-ші айналымда ойыншылардың сайысты бастау ретін анықтау үшін,арнайы сұрақ қойылып  және сайыскерлер сол сұрақтың жауабын әріп жасырылған сандарды ретімен қойып,ең жылдам әрі дұрыс жауап берген интерн ойынды  бірінші бастау құқығына ие болды.Бұл этапта әр ойыншы реттілігімен өздеріне тиесілі болған 5 бағандағы бірнеше сұраққа жауап беруге міндеттелді.Бұл бағандағы сұрақтар мына тақырыптар бойынша жасырылды: алкоголизм,наркомания,невроз,шизофрения және эпилепсия.

Сыннан сүрінбей өткен, ең көп ұпай жинаған 3 ойыншы келесі айналымға өтті.3-ші айналымда сайыскерлердің әрқайсысына арналған қызыл,көк,сары түстер үлестіріліп беріліп және олар ол түсті жаттап алулары қажет болды.Әр ойыншы өз түстерін 1-2 секунд ішінде жаттап алып,өздеріне тиісті ұяшықтарды таңдап,сол сұрақтарға жауап берді,қателесіп қарсыласының түсіндегі ұяшықтағы  сұрағына жауап берген ойыншылар  1 балға,өз сұрағына жауап бергендер 2 балға,арнайы ақ  ұяшықтағы сұраққа жауап берген ойыншы ең жоғары 3 балға иеленді. Бұл айналымда сайыскерлерге тек психиатрия саласынан ғана емес,жан-жақты қызықты,логикалық сұрақтар қойылды.Сөйтіп бұл айналымда сайыскерлер өздерін әр түрлі қырынан танытып,білімдерін көрсете білді.

Ойын соңында Джамантаева М.Ш. сайыскерлерге өз ризашылығын білдіріп,алғыс айтып,сайыс жеңімпаздарын марапаттады. Сайыс нәтижесі бойынша  “Ең үздік интерн-психиатр”602-1 топ  интерні  Ережеп Ақерке атанды. Ал екінші орынға  618-1 топтың интерні Момын Құндыз ие болса,үшінші орынды 610-1  топ интерні Шораев Мақсат місе тұтты.Қорыта келе,өткізілген зияткерлік сайыстың тәрбиелік мәні зор болды,бізді кәсіби тұрғыдан ғана емес,сондай-ақ жан-жақты танымдылықты кеңейтуге,көп ықпалын тигізді.