Гистология модулінде

 

Біздің университетімізде 2013 жылдың қыркүйек айында  Қазақстанда бұрын -соңды болмаған білім беру орталығы, яғни  “Инновациялық оқу үрдісін қалыптастыру мақсатындағы біріктірілген білім беру орталығы” ашылды. Орталыққа Алматы қаласындағы бұрынғы балалар теміржол ауруханасының екі қабатты ғимараты беріліп, күрделі жөндеуден соң қаңтар айында қолданысқа берілген. Міне, сол су жаңа ғимаратта ең алғашқы болып мәдени іс – шара ұйымдастыру  Тусупова Н.М. басқаратын Гистология модуліне бұйырыпты.

Сәуір айының 31- жұлдызында,аталған Гистология модулінің мұғалімі, тюторымыз Есімова  Г.Қ. басшылығымен   Жалпы медицина факультетінің 23 тобының  студенттері, біздің Отанымызда  тұратын өзге  ұлттың  өкілдерімен  таныстырып, олардың  қазақ  халқымен мәдениетінде, дінінде  және  ділінде,  салт-дәстүріндегі айырмашылығын  саралайтын  «Этнофестиваль» ұйымдастырдық.   Кешімізге “Нағыз сақ” деген атақ алған, ержүрек қазақ ұлты, «Жер түрікше  сөйлемей, ел  түрікше  сөйлемейді»- деген  атақты  Кемал  Ататүріктің  ұрпақтары, Ұлы патша Петр I ұрпақтары және “Өзбек өз ағам”-  демекші өзбек ұлтының өкілдері де  қатысты. Ал, кешіміздің қонақтары “ Инновациялық оқу үрдісін қалыптастыру мақсатындағы біріктірілген білім беру орталығы ”басшысы “Ішкі аурулар пропедевтикасы ”  кафедрасының меңгерушісі, м.ғ.д., профессор Есенжанова Г.М.  Медицина ғылымдарының кандидаты, патологиялық анатомия модулінің меңгерушісі, профессор Ахметов Ж.Б., Гистология модулінің меңгерушісі Тусупова Н.М.,  Гистология модулінің мұғалімдері  Алсеитова Ф.Ж., Т.Ф.Курликовская, Джангелдина З.Н.,Мулькибаева Ш.Ш., Фармакология модулінің мұғалімі Мырзабек Б.Т.  және басқа да сүйікті ұстаздарымызбен бірге өзіміздің ЖМ факультетінің 3 курс студенттері  болды.

«Этнофестиваліміздің» соңында құрметті қонақтарымыз Ахметов Ж.Б. пен Есенжанова  Г.М. бізге алғыстарын жаудырып, ақ баталарын берді.

Дайындаған : ЖМ  факультетінің

                                    3 курс студенті Дағжан П.