«Болашақ» қауымдастығына 15 жыл

2016  жылы сәуір айының 16 жұлдызында  «Soluxe Hotel Almaty»  «Гун»  қонақ үйінің конференц-залында  «Болашақ» қауымдастығының

15 жылдығына арналған ҚР Президентінің “Болашақ” Халықаралық стипендиясының стипендиаттар Ассоциациясының жалпы жиналысы болып өтті.

Жиналыс видео конференц байланыс түрінде Астана және Көкшетау қалаларымен жалғасты.

  Президиумда отырғандар:

–   «Болашақ»Ассоциация Кеңесінің председателі К. Бишимбаев;

–   «Болашақ» Ассоциациясының құрметті мүшесі М. Ауезов;

–   «Болашақ» Ассоциациясының орындаушы директоры Е. Макаш.

Торқалы жиналысқа 2013-2014 жылдары «Болашақ»  бағдарламасы бойынша АҚШ –  Buck Institute for Research on Aging  қартаю туралы институтында «Молекулярлы генетика» мамандығымен «Болашақ» бағдарламасымен ғылыми тәжірибесін өтіп келген, «Болашақ» Ассоциациясының мүшесі, лабораториялық диагностика және молекулярлы медицина кафедрасының ассистенті  Айман  Садвакасқызы  Садвакас қатысты.