Биохимия кафедрасы

Биохимия кафедрасы 1931жылы құрылды. Ең алғашқы кафедра меңгерушісі профессор Б.И.Ильин-Какуев болды. Ол  ММУ-нің (1931-1960ж) түлегі.                               1960-1984 жылдар аралығында  кафедра ұжымын м.ғ.д, профессор П.А. Верболович басқарды. 1984 жылдан бүгінгі күнге дейін кафедраны ҚР еңбек сіңірген қайраткері, профилактикалық медицинасының академигі, КСРО және ҚР-ның денсаулық сақтау үздігі ,ҚР ғылымына үздік үлес қосқан мемлекеттік степендиаты, медицина ғылымының докторы профессор Плешкова С.М. жетекшілік етеді.  Биохимия кафедрасында төмендегідей пәндер оқытылады: химия пәнін   ЖМ, стоматология,ҚДС,МПІ факультеттерінің 1 курс студенттері және биохимия пәнін ЖМ, стоматология,ҚДС,МПІ факультеттерінің 2 курс студенттері және фармацевтика факультеттерінің 1 курс студенттері. Кафедра штатында 22 адам жұмыс істейді: кафедра меңгерушісі, профессор – 1, профессор- 1, доценттер -13, аға оқытушылар -3, оқытушылар – 4.       Кафедрада көптеген әдістемелік жұмыстар жасалуда: соңғы 10 жылда биохимия бойынша қазақ және орыс тілінде 29 оқу құралы және 2 практикум шығарылды.

«Қазақстанның қарт адамдарының белсенді жұмыс атқару ұзақтығын қамтамасыз ету мақсатында қартаюға қарсы модельді жасау» университеттің ғылыми-техникалық бағдарламасы бойынша кафедра «Қартаюдың биохимиялық көрсеткіштері» үзіндісін орындайды.    Кафедрада қазақ және орыс бөлімдерінде С.Ғ.Ү-сі жұмыс істейді. Әр жылы биохимиядан Олимпиада өткізіледі. Кафедра оқытушылары  үнемі оқу үрдісінде интербелсенді оқу әдістерін қолданылады