АҚШ-тың Скотт Каннон Миллер визитинг профессоры

ҚазҰМУ-нің визитинг профессорлар  бағдарламасының аясында 11.11.2011-17.11.2011 ж аралығында Юта Штаты (АҚШ) Университетінің  профессоры Америка  анатомдары Ассоциациясының мүшесі «Anatomical Record» журналының редакторы Скотт Каннон Миллер қалыпты анатомия кафедрасында семинарлар мен шеберлік класстар өткізді.

Профессор С.Миллердің  «Современные принципы преподавания анатомии» тақырыбында жургізген семинарына тек қана өзіміздің анатомдар қатынасып қоймай­, Қазақстанның көптеген медициналық жоғарғы  оқу орындарының қызметкерлері де қатынасты (Семей, Астана, Ақтөбе,Шымкент, Түркістан).

«Жалпы Медицина»  факультеті студенттеріне,  остеологиядан, сүйек тінінің биологиясы, қаңқаның жастық және тұлғалық өзгерістері, бүйрекүсті безінің қалыпты және стресс жағдайларындағы морфологиясынан дәрістер оқыды.

«Наглядные пособия в преподавании анатомии» және «Нанотерапевтические системы доставки Лекарств и особенности функциональной анатомии органов и систем» тақырыптарында шеберлік класстар өткізді.

Профессор Скотт Миллердің  «Даңқ Залында»  «Требования к    рукописей и этическим нормам для публикации научных работ в Западных Журналах» тақырыбында оқыған дәрісі ПОҚ-ның, интерндердің, резиденттердің және докторанттардың үлкен қызығушылығын тудырды.

Осымен қатар профессор С. Миллердің қатысуымен  «Топ 100» студенттер бірлестігімен дөңгелек үстел өткізілді.

Профессор Скотт Миллердің сапары қызметкерлер мен студенттерге терең және есте қаларлық әсер қалдырды. Дәрістік материалдарды баяндау мәдениеті, семинарлар тақырыптарын талқылағандағы қарапайымдылығы мен ашықтығы, аудиторияны оң жігерлендіруге ептілігі, келелі сұрақтар қоя алуы, дәрісті сұхбаттық тәртіпте жүргізе алуы, қалыпты анатомия кафедрасы қызметкерлерінің педагогикалық шеберліктерін одан әрі шыңдай түсулеріне көп жылдар бойы өнеге және бағыт-бағдар берді. Қазақстан мен АҚШ анатомдарының ғылыми және білім ынтымақтастығын әрі қарай жалғастыру үшін профессор С. Миллер ҚазҰМУ-і қалыпты анатомия кафедрасы менгерушісі профессор Досаев  Т.М.-ке Америка анатомдар Ассоцияциясы президенті прфессор Джефри Лайтманның 2012жылдың сәуір айында Сан-Диего қаласында (Калифорния штаты АҚШ) өтетін Америка анатомдар Асоцияциясы Конгрессінің жұмысына қатынасуға шақыруын жеткізді.

Қалыпты анатомия кафедрасының оқутышылыр визитинг профессор Скотт Миллермен

Қалыпты анатомия кафедрасының оқуы мен сертификатын өткен Эдвайзерлері, доценттер Мынжанова Г.Р., Дакенова К.Т., Искиндирова А.М., “Жалпы Медицина ” факультеті студенттерімен элективтер таңдау туралы консультациялар мен кездесулер ұйымдастырды. Әр студент екі элективтен таңдап алды: 1-ағылшын тілді жоғарғы оқу орнының құрылым (ұсынылған үштен) және 2- қазақ тілінде ( орыс бөлімі үшін) немесе орыс тілінде ( қазақ бөлімі үшін) ұсынылған 11 элективтен. Элективтерді таңдап алған студенттердің тізімі Университеттің тіркеуші Кеңсесіне тапсырылды.

28- наурызда іргелі пәндер Департаменті кафедралары студенттері арасында студенттік ғылыми конференцияның 2-кезеңі өтті. “Анатом” СҒҮ (НСК) мүшесі Абдикадиров М.(08-009(1)) Ж.М. (ғылыми жетекшісі – профессор Жаныбеков Д.Е.) және Хайрушева Д. (10-005(1)) жүлделі орындарды жеңіп алды, оларға Дипломдар тапсырылды.