«Ана – өмір шуағы» атты факультеттік сабақ

09.03.2017 жылы «Шет тілі және кәсіби шет тілі» кафедрасының оқытушыларыУнасбаева Г.А., Ултанбекова З.Т., Омарова А.А., 8 наурыз Халықаралық әйелдер күніне арналған «Ана – өмір шуағы» атты факультеттік сабақ өткізді.  Іс-шараның мақсаты: студенттерге 8 наурыз тарихымен таныстыру, Қазақстанның танымал әйелдері жайында мағлұмат беру, адамгершілік, танымдық дағдыларын дамыту.

Мерекелік іс-шараға кафедра меңгерушісі, доцент Сулейменова О.Я. және оқу ісі меңгерушісі, аға оқытушы Садыкова А.А. қатысты. Бұл іс-шараның танымдық және тәрбиелік мәні зор болды. Мерекелік кешке  жалпы медицина факультетінің 16-004(2) тобы, фармация факультетінің 14-003 (2)және 16-004(2)тобы студенттері қатысты.

Бұл іс шара студенттердің қызығушылығын тудырып, іс-шараның өте жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын және студенттердің шығармашылық әлеуеттігі мен тілдік құзіреттілігін дамытуда осындай іс-шараларды өткізудің қажеттілігін атап айтты.