«Абай бол! Қызылша»

«Абай бол! Қызылша»

 09.04.2015 жылы «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттері  Бақытжанова Гүлжан, Шалабаева Салтанат, Шыныбаева Назым  университеттің стратегиялық жоспарына сәйкес КазҰМУ-нің №1,2,6 жатаханаларында  «Абай бол! Қызылша» тақырыбында  дәріс оқыды. “Қызылша, қызамық, желшешек және жәншау” сияқты ауруларды ажырататын ерекшеліктеріне тоқталып, сақтану  шараларымен таныстырды. Ауырған жағдайда  емделу жолдары мен қалай алдын алу керектігі түсіндірілді. Студенттер өздерін ойландырап жүрген сұрақтарын қойып тиянақты жауап алды және дәріске белсенді қатысып отырды.  Дәріске 5 курс декан орынбасарлары Турсынбаева Р.А.,Жакупова К.Б.,    аталған жатақханалардың Студенттік кеңес мүшелері және жатақхана коменданттары  қатысты. Жатақхана студенттері «Жалпы медицина» факультетінің 5 курс студенттеріне ізгі тілектері мен ризашылықтарын білдірді.