2013ж. 26.04. ішікі аурулар пропедевтикасы кафедрасы внутренних болезней провела, посвященную профессор Барлыбаев Хабиб Актай-ұлының 115 жылдығына арналған юбилелік құрылтай өткізді

            Барлыбаев Хабиб Ақтай — ұлы                            (1898-1946жж.)

Хабиб Актай Барлыбаев – терапевт, медицина ғылымдарының кандитаты  (1937), ҚазКСРО еңбек сіңірген дәрігері, ҚазКСР еңбек сіңірген ғылым қайраткері.

Х.А.Барлыбаев   В.Молотов ат. Алматы мемлекеттік  медицина институтында    1931 жылдан, яғни оның ашылған күнінен жұмыс жасаған   (бүгінде- бұл  С.Ж. Асфендияров ат. КазҰМУ).

1934  жылы Совет Одағы заманында алғаш рет қазақ тілінде  анатомия мен  физиологиядан оқулықтар жазып шығарған.

Х.А. Барлыбаев    ССРО ғылым Академиясының қазақстандағы  филиалын және өлкелік патология Институтын ашылуына белсене қатысты, осы интситут бастығының орынбасары бола тұрып, қатар    безгек және  басқа да трансмиссивті  аурулар  жөніндегі  сектор  жұмысын  басқарған.

Хабиб Ақтай-ұлы    25 ғылыми  фундаментальдық  шығармалардың авторы, оның ішінде    “Курорт Каменское плато: его лечебные факторы”, “Влияние малых доз йода на течение артериокардиосклеротической астмы” және басқада жұмыстар. Геронтологияға арналған еңбектері  медицина ғылымының ірі қайраткерлерінің арасында орасаң абыройға ие болды және осы жетістіктері үшін оған  профессор атағы берілді.

Хабиб Ақтай-ұлы  ғылым мен тәжірибенің тығыз байланысы бүртұтастығына үлкен мән берді. Сол себептен, ұстаздық тәжірибесін дәрігерлік еңбегімен қатар алып жүрді — ҚазСРО Совнарком ауруханасында терапевт –дәрігер қызметін атқарды     (кейіннен —     КазСРО министрлар кеңесінің ауруханасы), қазір – ҚР Президенті Кеңсесінің Іс басқару бөлімінің Орталық  клиникалық ауруханасы.

Х.А.Барлыбаевтың  еңбек жолындағы, ғылымдағы және қоғамдық қызметтеріндегі жетістіктері   мемлкет тарапынан жоғары бағаланып  бірнеше ордендар және медальдармен марапатталды. – «Еңбек Қызыл Ту» ордены және    “Ұлы Отан Соғысы 1941-1945   жылдарындағы ереулі еңбегі үшін» медалі.

1934  жылдан бастап ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасында доцент болды. 1937 жылы «Он екі елі ішек және асқазан жарасы ауруларын биохинолмен емдеу тәжірибесі» тақырыбында кандитаттық диссертация қорғады. Ауыр науқасына байланысты докторлық  диссертациясын аяқтай алмай кетті.

1944-1946 жж. профессор Барлыбаев Хабиб Актаевич    пропедевтика кафедрасының меңгерушісі болып кызмет атқарды.  Профессор  Барлыбаев Хабиб Актаевич кафедраны меңгерген жылдарда өзінің пропедевтикалық бағыттарында ішкі ағзалар аурулары пропедевтикасының оқыту маңызын орасан жүйелілікпен дамытты және ашты, ең ақырында  пәнді оқытуға арналған әдістемелік нұсқауларда оны нақтылы түрде көрсетті. Оның ілімінің маңызы – «Диагностика негізі –бұл әрбір науқас жеке тұлға және оның өзіне ғана тән физикалық, психикалық, физиологиялық  пен дерттік  ерекшеліктердің кездесе бермейтін жиынтығы деп қарау, түсіну және солай бағалау. Пропедевтикалық ғылым өзінің бүкіл тексеру әдістерін қолдану арқылы үлкен аналитикалық күш иесі».

Юбилейге арналған кешті  Университеттің  проректоры, мғд , профессор  Тулебаев К.А. ашып, өзінің алғы сөзіңде   профессор  Барлыбаевтың  Х.А. біздің университеттің қалануындағы еңбегіне тоқтады және тағы  бүгінгі мен кешегінің арасындағы байланысты ұмытпау, әрқашанда есте сақтау мен қатар бұл үлкен қайырымды дәстүрлерлерге   құрмет көрсету  келешек жас дәрігерлерді тәрбиелеудегі орны маңызды екені туралы пікірін айытты.Сонымен қатар кештің құрметті қонақтарын —  профессор Барлыбаев Хабиб Ақтай-ұлы ұрпақтарына қошемет көрсетіп, бүгінгі тойменен  құттықтады.

1

Әрі қарай  Х.А Барлыбаевтың  мәнді еңбек және өмір жолымен  осы кешті ұйымдастырушы, кафедра меңгерушісі, мғд, профессор  Есенжанова Гульшат Мусреп –қызы баяндады.

2

Содан соң өз естеліктерімен Хабиб Актай-ұлының ұрпақтары бөлісті. Олар:

4

5

6

Барлыбаева Лаура Хаят-қызы – жазушы– журналист;  Юнеско,   Журналистер  одағының  және Алтын жұлдыз белгісінің сыйлығының     лауреаты.

9

Асқар Шауқат-ұлы, тарих ғылымының докторы, Аль-Фараби ат. ҚазҰУ профессоры.

10

Барлыбаева Гаухар Гинаят-қызы, ф.ғ.д., профессор, ҚР ҒА  философия, политология және дінтану институтінің жетекші ғылыми кызметкері

11

Шарипова Анель Вахитов — қызы, тарих ғылымының докторы, Абай  ат.ҚазҰУ,   профессоры.

            Қорытыныды сөзбен ректор кеңесшісі, мғд., профессор Мустафина Ж.Г.,  — өзінің сөзінде  Жанар Ғабиден-қызы Хабиб Актай-ұлының ұрпақтарына, пропедевтика кафедрасына және қатысып отырған студенттерге өткенге құрметтері үшін рақметін айтып және   бұл жиынның  келешек ұрпақтың адамгершілік пен рухани   тәрбиесіндегі маңызы зор екендігін атап өтті

Кеш  ЖМФ 3 курс  19 топ студенттері  дайындаған концерттік көріністермен қоса өтті – терме, «Қазақ биі», дәрігерлерге арналған атақты ақындардың Ж.Жабаев, М. Мақатаевтың өлеңдері және  319 топтың студенті, осы кештің жүргізушісі  Адилова Акботаның төл шығармасы «Есіміздесіз, Ата» атты өлеңі оқылды.

Кеш жүргізушілері — 319 топтың студенттері Адилова Акбота және Ербол

3

Әрі қарай еске алу  кеші  дастархан басында  жалғастырылды.

12

13

14