«ӨОСА мектебі» атты іс шара

«Ұстазы жақсының — ұстанымы жақсы» демекші, қазан айының 8 жұлдызында Қалқамандағы №1 ҚКА да өткен ашық есік күніне орай, білікті де білімді дәрігерлер Сайланова Дәме Қойшыбайқызы және Омарова Хадиша Сабырқызының бастамасымен, ЖМ13 – 004 және ЖМ13-005 қазақ топтарының ұйымдастыруымен «ӨОСА мектебі» атты іс шара өтті. Аталған іс шараға пульмонология бөлімшесі науқастары арнайы шақырылып, сауығу тәсілдерімен қоса, қазақтың қарапайым дана сөздерімен түсіндірілген, өкпеге зиян келтіретін әдеттер мен сыртқы факторлар жайлы ақпаратқа қанық болды.

Шығыстың ғұлама ойшылы Конфуций:  «Маған айтып берсең — ұмытып қаламын, көрсетең — есте сақтаймын, өзіме жасатсаң — үйренемін» деген сөздерін өздеріне ұран етіп ала отырып:

ЖМ13 – 004 қаз тобының студенттері танымдық ақпараттарда бронхиальді демікпе ауруында ұстама барысында қолданылатын дәрілік препараттарды (сальбутамол, серетид ингаляторларын) дұрыс қолдану тәсілдерін науқастарға көрсетіп, қазіргі таңда өкпе ауруларына ұшырататын зиянды әдеттер мен олардың адам ағзасына тигізер жалпы әсері жайлы нақты әрі пайдалы баяндамалар жасады.

ЖМ13-005 қаз тобының студенттері болса, пульмонолог мамандармен ұсынылған 11 қадамнан тұратын Стрельниковтың арнайы жаттығуларын науқастармен бірге жасап көрсету арқылы, ауруханада бір сарынды өмір кешіп жатқан науқастардың көңілін аулап және өкпенің функционалдық қабылетін қалыпқа келтіру  жолдарымен таныстырды.

Іс шараның соңын ала студенттер мен дәрігерлер бөлімше науқастарының ыстық лебізі мен баталарын алып, естелікке суретке түсті.

Іс ұйымдастырушылары:

ЖМ13-004-01 қаз

  1. Тұрлығазы Диана Қуанышқызы
  2. Ескермесов Марат Абдуллаевич
  3. Серікбай Жасұлан Жақсыбекұлы
  4. Карабалина Ләззат Абдіхамитқызы
  5. Асқар Тоғжан Бақтиярқызы

ЖМ13-004-02 қаз

  1. Алдаберген Үсен Серікұлы
  2. Әлімжан Аяжан Мәдғалиқызы
  3. Бисалов Данияр Төртбайұлы
  4. Рахымов Ерлан Сабитұлы
  5. Маратова Әнел Маратқызы
  6. Мубараков Мухриддин Хамидуллаевич

ЖМ13-005-01 қаз

  1. Бегалы Балшірін Сейдрахымқызы
  2. Жолдасбекова Ақбөпе Маратқызы
  3. Қадыр Сандуғаш Амангелдіқызы
  4. Нарбекова Лаура Бауржанқызы
  5. Тоқтарбаева Жібек Қайырбекқызы
  6. Омарбек Гүлжазира Жолдыбайқызы

ЖМ13-005-02 қаз

  1. Байжанова Мөлдір Батырханқызы
  2. Есенбек Айзада Мұхтарқызы
  3. Нүсүпәлі Алмас Ержанұлы
  4. Сембек Ақмарал Сембекқызы
  5. Тогаев Тұрлыбек Акбаралиұлы
  6. Эргашев Асқар Уразбекұлы