Әдеби кеш: « Бүкіл алем — театр…», Вильям Шекспирдің  450 жылдығына арналған

Студенттерді рухани – өнегелі және эстетикалық тәрбие беру мақсатында 2015 жылдың 18 сәуірінде шеттілдер кафедрасы шетел студенттері Деканатымен бірге ұлы ағылшын ақыны және драматургі В. Шекспирдің шығармашылығына арналған әдеби кеш өткізілді. Кештің ұйымдастырушылары: шет тілдер кафедрасының меңгерушісі, доцент О.Я. Сулейменова,  кафедраның оқу- ісінің меңгерушісі, аға оқыт. А.А. Садыкова  және аға оқыт. И.В. Лозенко.

Кешті шетел студенттері деканатының деканы Н.Н. Иванченко ашты. Әдеби – кеште «Жалпы медицина» факультетінің 100-ден астам 1 курс студенттері қатысты, кешті  өткізуге №14 -045, 14-046, 14-047, 14-048, 14-049 топ студенттері ат салысты.

Әдеби- кеште студенттер В. Шекспирдің әйгілі трагедиялары мен комедияларынан үзінді  көрсетті: «Макбет», «Рамео және Джульетта», «Жазғы күнгі түс» онымен қатар №130, 154 сонеталарын оқыды.

Жоғарыда аталған шығармалар XVI ғасырда В. Шекспирдің түпнұсқалы әдеби стилін сақтай отырып ағылшын тілінде дайындалды.

Қойылымның қатысушылары оқытушылармен бірге бөлмені жабдықтап және қажетті костюмдер мен реквизиттерді бірге дайындады.Әдеби кеш барысында қойылымның қатысушылары 50 түсірілім жасады.

Әдеби кешке студенттер үлкен қызығушылықпен қатысқанын атап көрсеткіміз келеді.

Өткізілген іс-шара тәрбиелік және танымдық мәнге ие болды. Студенттер өз білімін кеңейтіп  Вильям Шекспирдің классикалық драматургиясы, театр өнері және Ұлыбританияның мәдениеті туралы аөпарат алды.