Ұстаз- киелі мамандық

Ұстаз- киелі мамандық

Ұстаз болу- жүректің батырлығы,

Ұстаз болу- сезімнің ақылдығы.

Ұстаз болу- мінездің күн шуағы,

Ұстаз болу- адамның асылдығы.

Құрметті  С.Ж.Асфендияров Қазақ Ұлттық Медицина Университетінің ректоры Аканов Айкан Аканұлының басқаруындағы білім саласы қызметкерлерін төл мерекесімен құттықтаймын!

  Ұстаз- ұлылыққа жол ашар аяулы қауым. Алдына келген шәкірттерін білімді де білгір етіп тәрбиелемейінше тыным таппайтын білгір жандар. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» демекші шәкірт ретінде біз сіздерден әркез үлгі аламыз. Менің ұстаздарымның ерекшелігі олар тек қана шәкірт тәрбиелеп қана қоймайды, адам жанына арашашы болып, халыққа шексіз қызмет етеді. Яғни, елдің болашағы мен бүгініне еңбек сіңіріп жатқан бірден бір жандар.

«Ұстаз жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын, аңғарымпаз ақыл иесі… мейлінше шешен, өнер- білімге құштар, аса қанағатшыл жаны асқақ және ар- намысты ардақтайтын, жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсететін… қорқыныш пен жасқану дегенді білмейтін батыл, ержүрек болуы  керек»  деген ұлы ойшыл Әл- Фарабидің пікірі әр уақытта да жаңғырып тұрары сөзсіз.

  Біз, шәкірттеріңіз сіздердің еңбектеріңізге бас иеміз, төккен маңдай терлеріңіз бен үміттеріңізді ақтауға тырысамыз.

  Кәсіби мерекелеріңіз сіздерге медициналық жаңалықтар, табыстар, жеңістер әкелсін! Ерен еңбектеріңіз Саламатты Қазақстанның дамуына өз үлесін қоссын! «Ұлт болашағы- дені сау ұрпақ» демекші халқымыздың ұрпағы салауатты өмір салтын ұстанып, сіздердің әр сөздеріңіз насихатталсын дегім келеді. Киелі мамандықтың киелі жемісін жеп, биіктерден көрініңіздер!

Рахымбекова Мәдина Жүнісқалиқызы

 Жалпы медицина 4 курс студенті