«Қайырымдылық марафоны»

«Қайырымдылық марафоны» — Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында

         С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ «Жалпы медицина» факультеті студенттік деканаты және еріктілер тобынан тұратын «Мейірімді жүрек» ұйымы бірлесе отырып, ұйымдастырылған «Қайырымдылық марафоны» қараша айының 20.11.2015 — 26.11.2015 аралығында бір апта уақыт жүргізілді.

         Іс-шараның негізгі мақсаты: ҚазҰМУ студенттеріне университет бағыттарыныңбірі гуманизмді насихаттау, қамқорлық жасауға жетелеу, мейірімділікке тәрбиелеу.

         2015 жылдың 26 қарашасында өз мәресіне жеткен «Қайырымдылық марафонына» барлық студенттер белсене атсалысып, көмектерін көрсетіп жатты.

Іс-шараның соңғы қорытынды күнінде, студенттер «Қайырымдылық марафоны» нәтижесінде жиналған көмек заттарын Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтының балалар бөліміндегі балаларғаойыншық, кітаптар, дәрі-дәрмектер табыстап, кішігірім ойын-сауық бағдарламасынөткізді. Балаларға арнайы дастархан жайылды.

Іс-шараға белсенділік көрсеткен барша студенттерге алғысымыз шексіз.

Әр баланың күлімдеуі біз үшін үлкен жеңіс!!!

«Жалпы медицина» факультеті Студенттік Деканаты

«Мейірімді жүрек» еріктілер ұйымы