«Қазіргі жемқорлық және болашақ» атты жемқорлыққа қарсы видеороликтер конкурсы

2019 жылдың 3 желтоқсанында Гистология кафедрасында «Қазіргі жемқорлық және болашақ» атты жемқорлыққа қарсы видеороликтер конкурсы Анатомия корпусындағы №3- аудиториясында өтті. Іс-шараға С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің қауіпсіздік қызметінің бас маманы Нуркасымов  Диас Еркинович, қалыпты физиология кафедрасының лекторы Алипбекова Айгуль Сураповна мен  Гистология кафедрасының меңгерушісі доцент Ергазина М.Ж., Калинина М.С., доценті Желдербаева М.К.,лекторлар: Абжапарова А.Т., Жанбырбаева А.К., Есполаева А.Р., Алсеитова Ф.Д., ассистенттер Омарова Р.С., Оразакиева Т.Т., Бекен З.Д. қатысты.

Сайысқа Жалпы Медицина және Педиатрия мектебінің 1-2 курс студенттері өздерінің түсірген видеожұмыстарын ұсынды. Өздерінің жұмыстарында студенттер жемқорлыққа деген қарсы көэқарастарын білдіре алды. Жұмыстарды тамашалай отырып, тәрбиеленіп келе жатқан жас ұрпақтың келешегіне, саналы азаматтардың еліміздің болашағына адал, жанашырлықпен қарайтынына көзіміз жетті.

Егеменді өсер елде тұрам мен

Білдіремін сезімімді жыр-әнмен

Жолыменен елбасының жүрейік

«Жемқорлыққа жол жоқ  деген ұранмен»

Сайысты қорытындылай келе жүлдегерлеріміз анықталды. Марапаттау рәсімін жүргізу үшін С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің қауіпсіздік қызметінің бас маманы Нуркасымов  Диас Еркиновичке сөз берілді.

1-ші орынды: Педиатрия мектебінің 19-03-01 топ студенттері;

2-ші орынды: Жалпы Медицина мектебінің 18-11-02 топ студенттері;

3-ші орынды: Жалпы Медицина мектебінің 18-09-01 топ студенттері иеленді. Жеңімпаздар дипломдармен, қатысушылар сертификаттармен марапатталды.

Іс-шараның соңында гистология кафедрасының меңгерушісі Ергазина Марал Жүнісбековнаға сөз берілді.