«Қадірлейік қарттарды» қайырымдылық акциясы

«Қадірлейік қарттарды» қайырымдылық акциясы

Биыл,Ұлы Жеңістің 70 жылдық мерейтойына орай, Жалпы Медицина факультеті 1 курс студенттерінің ұйымдастыруымен, “Қадірлейік қарттарды”атты қайырылымдық акциясы өз бастауын алды. Акцияның басты мақсаты: Алматы қаласы Алмалы ауданында тұратын Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне әлеуметтік және рухани көмек көрсету,студенттерді қайырымдылыққа, отансүйгіштікке шақыру болып табылады. Бұл іс-шара ақпан айынан басталып, мамыр айында барлық Алмалы ауданы Ұлы Отан соғысы ардагерлерінің қатысуымен, университеттік деңгейдегі концертпен аяқталады. Бұл іс-шара Алмалы ауданы және Университетіміздің Ардагерлер Кеңесінің қолдауымен өтуде.Осыған орай,7ақпаннан бастап жалпы медицина факультеті 1-курс студенттері біршама ардагерлерге жолығып, әлеуметтік көмек көрсетуде.Ардагерлердің барлығы студенттерге жылы лебіздерін білдіріп, осы іс-шараны қолдайтындарын айтты.

 

Жалпы Медицина Факультеті

Студенттік Үкіметінің Вице-Президентi

Солтанай Жәнібек