«Ғылыми студенттік үйірмелер жәрмеңкесі»

Ішкі аурулар пропедевтикасы кафедрасының «Ғылыми студенттік үйірмелер жәрмеңкесіне» қатысуы.

21 қыркүйекте 2014ж. С.Ж. Асфендияров ат. ҚазҰМУ аренасында  «Ғылыми студенттік үйірмелер жәрмеңкесі» өткізілді. Жәрмеңкеге барлық факультеттер қатысты. Кафедрада СҒЗЖ бойынша жауапты ассистент Тукаева Л.К. осы жылға дейін студенттермен жасалып келген ғылыми зерттеу жұмыстардың нәтижелерімен,  марапаттау қағаздары, дипломдардан стендтік жарнамалар жасап, осы оқу жылына жоспарланған СҒЗЖ тақырыптарын таратты. Кафедрамызда жүргізілетін студенттік ғылыми зерттеу жұмыстарына қатысуға ниет білдірген жәрмеңкеге қатысушы студенттерден 70 анкета жиналып алынды.

Фото 1 Фото 2 Фото 3 Фото 4