СҒЗЖ бойынша жаналықтар

26.04.2012 ж Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындарының студенттерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының байқауының 3 кезеңі өтті, педиатрия факультетінің 610-05 тобының студенттері  Семиошко Николай және Ли Кристина «Протеосомная деградация белков: механизмы и значение» атты баяндамасын ұсынды, байқаудан тыс жұмыстардың ішінде 1-ші орынға ие болды, жетекшісі асс.Искакова А.С., ғылыми кеңесшісі м.ғ.д, проф. Аблаев Н.Р.

I ғылыми-тәжірибелік конференция «Қазақстанның зертханалық медицинасының өзекті мәселелері мен дамуының болашағы», Алматы, 4-5 сәуір 2012 ж.

4-5 сәуір 2012ж. Алматы қ. ҚМЗДА 2012 «Қазақстанның зертханалық медицинасының өзекті мәселелері мен дамуының болашағы» атты зертханалық медицина бойынша 1-ші Ғылыми-тәжірибелік конференциясы «Holiday Inn» қонақүйінің конференс-залында   өтті.

Конференцияның жұмысына зертханалық медицинаның 350-тен астам маманы, Алматы мен Астананың, сонымен қатар аймақтардан  (Алматинской, Кызылординской, Карагандинской и других областей) клиника дәрігерлері қатысты. Сонымен қатар аккредитация, техникалық реттеу және стандарттау саласының өкілдері болды. Зертханалық құрал-саймандармен жабдықтаушы фирмалар мен желілік зертханалардың өкілдері қатысты.

Конференцияның құрметті қонақтары – атақты ресейлік ғалымдар, зертханалық қызметтің мамандары– Ресейлік медициналық зертханалық диагностика  ассоциациясының (РМЗДА) вице-президенті м.ғ.д., проф. Кишкун А.А. және м.ғ.д., проф. Мошкин А.В., олар баяндама жасалды.

Спикерлер келесі сұрақтар бойынша сөз сөйледі:

▪ Зертханалық зерттеулердің қол жетімділігін қамтамасыз ету

▪ зертханалық қызметті ұйымдастырудың өзекті мәселелері

▪ клиникалардың зертханалық зерттеулерге сұраныстары

▪ зертханалық қызметке мамандарды дайындаудың өзекті мәселелері

▪ Техникалық реттеу, стандарттау және сапаны бақылау.

Баяндамашылардың айтуынша, зертханалық медицинаға молекулярлық-генетикалық, иммунологиялық, биохимиялық, гематологиялық, коагулологиялық, цитологиялық, бактериологиялық, паразитологиялық, вирусологиялық және басқа да әдістерді қолдана отырып, қарқынды түрде жоғары технологиялық зерттеулер енгізіліп жатыр. Зертханалық медицинаның тәжірибесінде заманауи құрал-саймандар мен ғылыми қызметке арналған технологиялар кеңінен қолданылуда, зертханалық зерттеулердің жаңа бағыттары қарқынды дамып жатыр, олар әлемдік беталысты көрсетеді – персонифицирленген диагностика, дәрілік және геномдық мониторинг, нақты науқастың емінің нәтижелігін бағалау. Заманауи биохимиялық, молекулярлық-биологиялық әдістер персонализирленген медицинаны құру кезінде жүйені құрушылар болып табылады. Бұл «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша білім беру саласында, сонымен қатар тәжірибелік денсаулық сақтау саласында зертханалық зерттеулердің нәтижелерін бағалауда жаңа қадамдарды және жаңартуды талап етеді.

Конференцияның жұмыстарының қорытындысы бойынша  2012-2015 жж Қазақстан Республикасында клиникалық зертханалық диагностика қызметінің дамуының  Концепциясы мен  Резолюциясы қабылданды.