«Рәміздерім – елдігімнің белгісі» атты мерекелік іс-шара өтті

Жалпы медицина факультетінің 3 курс 24, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25-1\2 топтары студенттерімен бірге мамырдың 17-жұлдызында егеменді еліміз Жер бетіндегі басқа мемлекеттермен терезесі тең, керегесі кең мемлекет ретінде танылып Мемлекеттік рәміздердің бекітіліп, жарияланғандығына 25 жыл толуына орай «Рәміздерім – елдігімнің белгісі» атты мерекелік іс-шара өткізілді. Мемлекеттік рәміздер еліміздің өзіндік өмір салтын, бүкіл болмыс ерекшелігін, айрықша арман аңсарын, басқалармен байланыс мұраттарын білдіреді. Осы бір қасиетті белгілердің мәнін әрбір азамат терең түсініп, оны қастерлей білуі үшін жастарға патриоттық тәрбие беру маңызды. Осы мақсатта жүргізілген іс-шара барысында рәміздер туралы доклад қорғалып, интеллектуалдық ойын өткізілді. Күй мен жырға, ән мен күйге толы мерекелік шараны өткізуге ЖМ факультетінің 3 курс 24, 18, 19, 20, 21, 22, 23, 25-1\2 топтары студенттері бар өнерлерін салып, жоғары деңгейде өткізді. Мерекеге келген қонақтар қойылымды тамашалап, өнерлеріне тәнті болды. Сайыста қатысқандарға Патологиялық анатомия кафедраларының оқытушылары алғыстарын айтып Сертификаттармен марапаттады.