Поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова

08.04.2013 жылы  Жалпы  медицина  факультетінің 3 курс қазақ бөлімінің студенттерінің ұйымдастыруымен  «Поэзия падишасы – Фариза Оңғарсынова» атты  қазақ халқының ақын қызы Фаризаның  шығармашылығынан жастардың жанына жақын, жүрегінен орын тапқан, өзекті тақырыптар: махаббат, жастық шақ, ата-анаға арнап  жазылған өлеңдері оқылды.  Поэзия падишасы – Оңғарсынованың  « Мен онымен қашан кездесемін»  өлеңін  Бодаева Ақбота, « Қыз махаббатын» Арынтай Таншолпан, «Бойжеткеннің сөзін» Колбаева Гүлмира, «Анама»  туындысын Дауталиева Ақбала, Буркиталиев Абдисамат « Әкеме» шығармасын, «Тыңда мені жүрекпен» өлеңін Тастанова Ақерке, «Фаризаға арнауды» Біләл Ғазиз оқыды. Сонымен қатар, осы тақырыпқа  арналған  «Құралай» , «Жезкиік», «Мұңайма» , «Керім-ай» әндері шырқалды. Поэзиялық  жыр төгу  «Өз елім» әнімен аяқталды.