«Липопротеиндер метаболизмі және атеросклероз» тақырыбында студенттердің ғылыми үйірмесі өтті

Ақпан айының 28 күні Биохимия кафедрасында «Липопротеиндер метаболизмі және атеросклероз» тақырыбында студенттердің ғылыми үйірмесі өтті. Ғылыми үйірменің ұйымдастырушылары Өмірзакова Кульшат Калибековна, Жақыпбекова Салтанат Сеилбековна және 2 курс студенті Сағымбаева Анель Абсултанқызы. Үйірмеге қатысушылар өздерінің жан-жақты ізденген ғылыми жобаларын  баяндап қана қоймай, әртүрлі видеофильмдер мен видеолекциялар көрсетті.

Олардың ішінде: Джапаров Дильмурад, Сағатбекова Жаңанұр, Серманизова Ақжарқын, Турумова Гульдана. Әсіресе,  13-02 топ студенті Әділова Ақбота Ерланқызы «Липопротеиндер метаболизмі» тақырыбына арналған баяндаманың қорытынды сөзі ретінде өзінің өлеңін оқып берді:

Жоғары ұстап «медицина» атты нар ізді,

Өтейік жастар, дәрігерлік парызды!

Білім алып Асфендияров Ордасында,

Өтейік жастар, адамзатқа қарызды!

 

Биохимия сабағы,

Қызығымен баурап алады.

Ағзадағы бар сырдың,

Кілтін тауып алады.

 

Жолдастар! Сендерге айтарым бар!

Биохимияның ашқан жайттары бар!

Липопротеиндер-ағзадағы ең басты,

Қосылыстың бірі болып табылар.

 

Липопротеин қасиеті керемет,

Аурудан сақтап, сыйлар саған берекет!

Белок пенен липидтің қосындысы,

Қажет саған, өміріңе керек ет!

 

Достарым, замандастарым,

Сөзіме құлақ тосыңыз.

Тығыздығы жоғары,

Липопротеин – досыңыз !

 

Дені сау ұрпақ әрқашан,

Көш бастайды бүгінде.

Дені сау, білімді жастардың,

Желбіресін туы көгінде!

 

Ар қандай! Ақыл қандай! Намыс қандай!

Шын жүйрік озады гой жарысқанда!

Жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар шығады гой,

Сол тұлпар біз болайық қарыштаған!!!

Ал, дөңгелек үстелді қорытындылай келе біз студенттермен  «ТЕСТ тренингтерін» жүргіздік. Бұл тест арқылы әр адам өзінің қаншалықты атеросклерозбен ауыру мүмкін екендігін анықтай алды. Сіздер де құрметті оқырмандар осы тестке жауап бере отырып, өздеріңіздің атеросклерозбен ауыру қаупін анықтай аласыз. Іске сәт!!!

Биохимия кафедрасының «Ғылыми зерттеу үйірмесінің» старостасы Сағымбаева Анель Абсултанқызы