Кең болсын қазағымның керегесі, Кетпесін Алла берген берекесі, Алаштың баласына нәсіп болған, Құтты болсын НАУРЫЗ мерекесі !!!

Көңілдеріңізге көктем шуағындай сезім мен нұр құйып, тағыда 22- наурыз Ұлыстың ұлы  күні келді. Осынау көркем мерекеде жалпы медицина факультетінің 4-курс студенттерінің атынан университет ұжымын, студенттер қауымын, және барша Қазақ елін Әз-Наурыз  мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз!!!

 Жылдың басы болған,  жаңа күн мерейлі мерекеде сіздерге шын жүректен дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға амандық,  ұзақ өмір, таусылмас бақыт, ашық аспан,  талмас қанат,  қажымыс қайрат, істеріңізге сəттілік тілейміз !!!

Ізгі тілекпен :Жалпы медицина факультетінің студенттері атынан

4-курс студенті Бектұров Абзал!