ЖМ факультетінде латын тілінен Олимпиада өтті

30.11.2016 жылы латын тілі курсында ЖМ факультетінің 1 курс студенттері арасында Олимпиада өтті.  Олимпиадаға  33 студент қатысты. Студенттер анатомиялық және фармацевтикалық терминология бойынша жазбаша тапсырмалар орындады: анатомиялық терминдерді қазақ (орыс) тілінен латын тіліне және латын тілінен қазақ (орыс) тіліне, фармацевтикалық терминдерді және рецепті латын тіліне аударды.

Соңғы қорыту кезеңі бойынша жеңімпаздар:

1 орын – Абдильдаев Махкам (ЖМ16-030-01)

1 орын– Әмірова Шолпан (ЖМ16-02-01)

2 орын – Иманбай Көркем (ЖМ16-006-01)

2 орын – Турганова Айимгул (ЖМ16-002-01)

3 орын – Конысбаева Шарафат (ЖМ16-005-01)

Қалған  студенттерге  қатысушы диплом  қағазы берілді.

Латын тілі курсының оқытушылары  ҚазҰМУ-нің «Аманат» студенттер КәсібиОдақ Ұйымына кафедрада өткізілген әртүрлі мерекелік іс- шаралараға көрсеткен көмегі үшін алғыс білдіреді.