«Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі»

    Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен Университет аясында 12.12.2013 жылы жалпы медицина факультетінің 1-2 курс студенттерінің қатысуымен «Желтоқсан шежіресі-елімнің мәртебесі»атты мәдени шара өткізілді. Әдеби кештің мақсаты — ызғарлы желтоқсанның ауыр күндерінен мағлұмат бере отырып, студенттерді  тәуелсіз Қазақстанның азаматтық тұлға ретінде қалыптасуына  баулу. Кеш барысында жалпы медицина факультетінің  1 курс 12-ші  топ студенттері:»Желтоқсан желі » , «Тәуелсіздік таңы атты»  атты тақырыптарында А.Бейсен пен Ә.Мұратова өздерінің баяндамаларын жасаса, Н.Іргебаев пен Е.Үмбетов жыр шумақтарын орындап,  А. Аймырза  мен Б. Сатуллаев ән арнады. Кеш қонақтары оқытушылар Ғ.Т. Рсалдина, Р.И. Бисембина, К.А. Төлентаева мен З.У. Бисембаева желтоқсан оқиғасы жайында куәгер ретінде көргендерін баяндап, пікір бөлісті. Мәдени шараның соңы  «Қайраттың бір күні » сахналық көрінісі қойылып, желтоқсан құрбандарын еске алу бейнебаянымен аяқталды. Жалпы, кеш мазмұнды және тартымды өтті.

                                       ЖМ 1 курс 12-ші топ студенттері: 

                                                                       Мұратова Әдемі

                                                                  Мақұлбекова Назгүл.