Дәрігер үшін тәжірибе жинау – басты құндылық

27.02.2014ж  тәжірибелік дағдыны қалыптастыру мақсатында  ұстазымыз Альмухамбетов Мұрат Қадыровичтің  ұйымдастыруымен  біздің  топта  ЖМ 008-01 “Жүрек ырғағы мен өткізгіштігінің  бұзылыстары”, “Кенеттен өлім” және осы жағдайларда ауруханаға дейінгі кезеңде көрсетілетін  алғашқы  көмек тақырыбында ашық сабақ өткізілді.

1

Бұл сабақтың негізгі мақсаты: Әрбір болашақ дәрігер қандай жағдай болмаса  да, алғашқы көмекке әрдайым дайын және оны дұрыс көрсете білуі керектігінде. Сабағымызды  әртүрлі деңгейде: тестілік café-stady, TBL, CBL, PBLтүрінде, ЭКГ стимулятор, оны тестілік көрсеткіш  арқылы интерпретациялау,Жүрек-өкпелік реанимация  шараларын муляжда көрсету  және  ең қызығы  студенттердің әрбірі өз рөлдеріне  шынайы  еніп, «Пароксизмалды  тахикардия” кезіндегі алғашқы көмек көрсету тәсілін науқасқа ЭКГ түсіру  шарасын сомдады.

2Сонымен қатар өкпені жасанды желдендіру үшін қолданылатын (АДР-1) Амбу  қапшығымен дем беру, ауа өткізгіш түтікшені  қою, аппарат дефибрилляторды қосып қолдану сияқты  шаралар жасалып, оны  әрбір студент  нақты  үйрене  білді.

 

Біз  үшін  бұл  сабақ  қызықты  сәттерімен  есте  қалды. Ұстазымыз  Мұрат  Қадырович  өте  білімді, сабырлы жан. Өзінің  білімін  бізбен  бөлісуге  дайын  тұрады. Өзі   қаншалықты  білсе, бізге   соны  беруге тырысып, бізді  білім  нәрімен  сусындатады.

3

“Ұстаз-  ұлы  тұлға” дегендей  біз  өзіміздің  тобымыздың  атынан  Гулзира Балқанаевна  апайымызға, Мұрат  Қадыровичке  үлкен  алғысымызды  айтамыз.  Біз  сіздердің  сенімдеріңізді  мәңгі  ақтауға  тырысамыз, аяулы  ұстаздар!