Дәрігердің борышы

Дәрігердің борышы – адам өмірін ажалдан сақтап, сырқатын емдеу ғана емес, сонымен қатар, жан күйзелісін түсініп, рухани демеу болып, қуаныш сыйлау деген сөздерді қанат етіп ұстаған «Қалыпты анатомия» кафедрасының оқытушылары  «Республикалық клиникалық балалар ауруханасына» көмек қолын ұсынып, жетекшілік көрсетіп келеді. Әр ай сайын екі оқытушы студенттермен кішкентай бүлдіршіндерге сыйлық жасап, әрқайсысына ерекше ықылас бөліп, барынша мейірлік пен қамқорлықтарын жасауда.

13 қаңтарда «Республикалық клиникалық балалар ауруханасының» №4 ортопедиялық бөлімінің науқас балаларына Ахмад Нургүлім Сағидоллақызы, Шакенов Бауыржан Шакенұлы, Абилова Алтын Асқарқызының бастауымен жалпы медицина факультетінің 3 курс 5 лек старосталарының көмегімен балаларға арналған «Жаңа жылдық шашу» жасалды. Жастарына қарай ойыншықтар, жаңа жылдық қораптағы кәмпиттер таратылды. Жаңа жылға арналған қызықты шағын концерт қойылды. Әрбір бала назардан тыс қалмады. Бүлдіршіндерге көтеріңкі көңіл сыйлап, уақытша дерттерін ұмыттырып, бөбектердің  көңілдерін шат, жүздерінің жарқын, аспандарының ашық, дендерінің сау болуына тілектестік білдіре отырып дәрігерлер тобы қамқорлық көңілмен, ілтипатты сезіммен тарасты.

Жалпы медицина факультетінің

3 курс студенті Онгарбаева Айзере