Дені саудың — тәні сау

«Спорт — денсаулық кепілі», —  демекші 2016 жылдың 10 сәуірінде жалпы медицина факультетіне қарасты №2 жатақхананың спорт секторлары: Құралбек Нұржан және Ордабек Олжастың ұйымдастыруымен, ер жігіттер арасында шағын- футболдан жарыс өткізілді.Жарысқа 8 команда (53,54,55,56,59,60,65,70 бөлмелер) қатысты. Жарыс өте қызықты, әрі тартысты өтті.

Ұзаққа созылған ойынның қорытындысы бойынша:I орынды 54 бөлме,II орынды-59 бөлме,III орынды-65 бөлмежігіттері иеленді.Жарыста ерекшеленіп көрінген ойыншылар номинациялар бойынша марапатталды:Ең үздік ойыншыЖурсінбеков Дінмұхаммет, Үздік қорғаушыЖұмабек Досжан , Үздік бомбардирҚошан Қайпназар, Үздік гол соғушыАхмурза Асқар , Үздік  қақпашыЖамалбеков Алибек.

Демалысты қызықты әрі пайдалы етіп өткізген спорт секторларына алғыс білдіреміз.