Гистология темекі шегуге қарсы

Қазан айының 19-нан 18-ші қараша аралығы – Халықаралық темекіге қарсы күндері өтілді. С.Д.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің  «Жалпы медицина» факультетінің 11-022-01, 11-022-02, 11-039-01, 11-039-02, 11-040-01, 11-040-02 топ студенттерінің қатысуымен,  темекі шегуге  қарсы ұйымның қолдауымен «Темекі шегу мен жаман әдеттерді алдын алу»   тақырыбында айлық өткізілді. Адам денсаулығына темекі шегудің зияны мен зардаптары жайында плакаттар мен бюллитендер дайындалып, насихаттау іс-шаралары жүргізілді. Студенттердің белсенді қатысуымен жатақханаларда, қала аялдамаларында брашюралар таратылды. Университет маңына плакаттар ілініп, кафедра ішінде сауалнамалар толтырылып, осы тақырыпта оқытушылармен сұхбат жүргізілді. Сұхбатта шылым шегудің қаншалықты зиян екендігі талқыланып, шылым шегуші адамның денсаулығы мәселесіне тоқталды. Бұл іс-шараға гистология кафедрасының және гистология модулінің оқытушылары, кафедра меңгерушісі Ергазина М.Ж., доцент Семченкова С.А., доцент Калинина М.С., аға оқытушылар Кугликовская Т.Ф., Есимова Г.К. белсенді қатысып, өз үлестерін қосты