Гистология кафедрасындағы оқу жұмысы

Кафедрада 1,2 және 3 курс студенттері сабақ өтеді.
1курс: «қоғамдық денсаулық сақтау»(803 орыс бөлімдері)-4 топ
«медико-профилактикалық іс» (қаз. орыс бөлімдері)-10 топ
2 курс: «тіс емдеу»(қаз.орыс бөлімдері)-16 топ
2 курс: «жалпы медицина» гистология-1 (қаз. орыс бөлімдері)-96 топ
3 курс : «жалпы медицина» гистология-2 (қаз. орыс бөлімдері)-124 топ

Оқу жылы барысында кафедрада 2500 студент оқиды. Барлығы 20 ағылшын топтары оқытуда. 1 курста кредит жүйесі, 2 курста сызықтық, 3 курста модуль жүйесі қолданылады. Жалпы көлемі 376 текше метр болатын кафедрада 6 оқу бөлмесі және 6 қосымша бөлмелер бар. Қазіргі уақытта кафедрада атқарып жатқандар: м.ғ.д. проф Юй Р.И., проф Нұрмұхамбетова Б.Н., доценттер б.ғ.к. Абильдилов Р.Б., м.ғ.к. Калинина М.С., б.ғ.к. Семгенкова С.А., м.ғ.к. Ерғазина М.Ж. Аға оқытушылар: Аяпова Ж.О., б.ғ.к. Тусупова Н.М.,б.ғ.к. Джангельдина З.Н.,б.ғ.к. Кругликовская Т.М.,Мулькибаева Ш.Ш.,Есимова Г.К. Оқытушылар: Ноумова Л.И., Адилова М.Г., Мансурова Ж.Е.,Абжапарова А.Т.,Жанбырбаева А.К., Тагирова Р.Т., в.ғ.к. Джадрапов Е.С. 9 оқытушыда ғылым докторлары мен кандидаттары деген дәреже бар. Барлық оқытушылардың базалық білімдері бар. Кафедрада ТОСО-2006, №1,2 нұсқаулық және 6 РУМО, ТУПА-2006 сәйкес дайындалған оқу-әдістемелік материалдар және 2-3 курс «жалпы медицина», «тіс емдеу», «медико-профилактика» факульттеріне дайындалған қазақша,орысша типтік бағдарламалар бар. Тәжірибелік сабақтардың барлық тақырыптарына сәйкес мемлекеттік және орыс тілдерінде құрастырылған әдістемелік нұсқаулар сабақ барысында қолданылады.
Мультимедий проекторына сәйкес дәріс материалдары дайындалған. Аптасына 6 жұмыс тәулігіне сәйкес 36 сағат бөлінген, осыған байланысты оқу бөлімі жүктемесін тағайындаған. Семестрлерге сәйкес оқу бөлімі оқу жүктемесін біркелкі бөлген. Қазіргі талаптарға сәйкес мамандар дайындау үшін әдістемелік нұсқаулар өте жоғары деңгейге жауап береді. Сабақта қажетті техникалық оқыту тәсілдері «мультимедия проекторы,кестелер,тесттер,ситуациялық есептер және тағы басқалар», оқу-әдістемелік материалдар электронды суреттер, кино-фильмдер) қолданылады. Білімдерін жетілдіру құжаттарын өткен оқытушылар инновациялық технология жетістіктерін оқу процестерінде белсенді пайдаланады. Жыл бойы оқытушылардың белсенді қатысуыменен студенттер тест бойынша,ситуациялық есептермен,микросуреттермен,үлгілермен тәжірибелік сабақтарды, дәрістерде, консультацияларда жұмыс істейді. Осыған байланысты студенттердің гистологиядан алған білімдері жақсы. Әсіресе, микропрепараттарды зерттеуге көп көңіл бөлінеді.
Үлгерімді жоғарылату мақсатында кафедра апта сайын мемлекеттік және орыс тілдерінде консультация жүргізіледі. Тәжірибелік сабақтарға және дәрістерге жаңа технологиялық оқу әдістері енгізілген: «Цитология,эмбриология және гистология атласы»(2006ж), «гистология,цитология және эмбриология бойынша тәжірибелік сабақтарға арналған микросуреттер атласы»(2010), суреттердің үлгілері бар жаңа тесттер, жаңа микроскоптар « Карл Цейс» және «мультимедий микроскоппен микропрепараттарды көрсету.