Алматы қаласы «№2» балалар үйінде қайырымдылық шарасы өтті

2013 жылы 09қараша айында «Күзгі бал» мерекелеу қарсаңында Алматы қаласы С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Жалпы медицина факультетінің 12-004,012-006,012-007,012-009 топ студентері мен Коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология кафедрасының аға оқытушы тьюторларыЕрназарова С.Т., Абсатарова Г.П., Кашаганова К.Т., Мадалиева С.Х.«№2» балалар үйінде  қайырымдылық іс — шарасын өткізді.

Қазақ ертеден «Жетім көрсең жебей жүр» деген ұлағатты терең бойына сіңіріп өскен халық. Алайда соңғы уақытта іштен шыққан баласын далаға тастап, ана атанып жүргендер қаншама?

Ел тарихына көз жүгіртсек, Тәуке ханның — Жеті Жарғысы, Есім ханның — Ескі жолы аталып кеткен  ескі заңдарында жетімдерді бай, қауқарлы адамдарға асырап алуға беріп отырған. «Жетім»  сөзі қазақ халқына жат десекте, қазіргі таңда қоғамда кең етек алып отырған өзекті мәселелердің бірі болып отырғаны ешкімге жасырын емес. Не себепті қоғамда жетім балалар көбеюде?!.  Бұл сұраққа жауап алсақ та, одан тез қорытынды шығару мүмкін емес. Ресми ақпараттарда еліміздегі жетімдер саны әртүрлі.

Атамыз қазақ ешқашан жетімін жылатпаған, жесірін каңғытпаған халық. Ал, мынандай жағдайға қарап тұрып, «Жетім көрсең жебей жүр» деген дана халқымыздың данышпандығы қайда кеткен деген ойда қаласың. Жауапсыз ата-аналардың балаларынан оңай бас тартуы, жетім балалардың күн санап көбеюіне әкелуде.  Қазақта «Жетімнің көз жасы удан да ащы» деген сөздеріне қарамастан жетім мәселесі жылдан-жылға күрделеніп келеді. Осы мәселенің алдын алу үшін, қатыгездікке жол бермеу, жастардың бойына ізгілік ұялату, қамкөңіл жандарға қамқорлық жасау, бауырмалдыққа тәрбиелеу, сонымен қатар, тағдыр тәлкегіне ұшырап, жетім атанып,  ата-ананың қамқорлығынсыз қалған балаларға қоғамның назарын аударту мақсатында С.Ж.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университеті Жалпы медицина факультетінің студенттері «Күзгі бал» атты қайырымдылық көмек ұйымдастырып,плакаттар дайындап, қызықты ойынның түр-түрімен, концерттік кеш ұйымдастыра отырып  мәдени-тәрбиелік шараөткізді.

Іс — шара барысында  аталмыш  балалар үйінде  40 балаға түрлі тәтті тағамдармен сыйлықтар  тарту етілді.

DSC02797 DSC02799 DSC02812 DSC02833 DSC02932