«Алаш зиялыларына 100 жыл» атты мерекелік интеллектуалдық сайыс өтті

Жалпы медицина факультетінің 3 курс 18,19,20,21, 22, 23, 24, 25-1\2 топтары студенттерімен бірге сәуірдің 27-жұлдызында  Қазақ деп жүрегі соққан әрбір жанның Азаттық үшін аңсаған арманы еді. Сол Азаттық арманына қол созған жандардың, Алаш қозғалысына, Алаш зиялыларына биыл 100 жыл. XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани — зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алғандарға арналған «Алаш зиялыларына 100 жыл» атты мерекелік интеллектуалдық сайыс өткізді, оған  3 топтан құралған команда қатысты. Ән мен биге, күй мен жырға, дәстүрлі ойындарға толы мерекелік интеллектуалдық сайыс өткізуге ЖМ факультетінің 3 курс 18,19,20,21, 22, 23, 24, 25-1\2 топтары студенттері бар өнерлерін салып, жоғары деңгейде өткізді. Мерекеге келген қонақтар қойылымды тамашалап, өнерлеріне тәнті болды. Сайыста қатысқандарға Патологиялық анатомия кафедраларының оқытушылары алғыстарын айтып Сертификаттармен марапаттады.