Жатақхана – менің екінші үйім

Студенттің қызық пен шыжыққа толы өмірінің бөлігі осы жатақханада өтетіндіктен, көп адамдар студенттік шақты еске алғанда, жатақхананы да қоса еске түсіреді.

Сол туралы жас ақын Бауыржан Әлқожаның студенттердің жатақханасы туралы төмендегідей өлең шумақтарын еске түсіруге болады:

Шырайыңда алаулап гүлдегі арай,

Оқу залын ду қылдық бірге талай…

Күн жарықта мүлгитін жатақхана,

Оянатын сілкіне түнге қарай.

Расында да көпшілігі ауылдан келіп, жоғарғы оқу орнына  таңдаған мамандығы бойынша түсіп, білім алып, жоғары дәрежелі маман болып,  Отанымның өркендеуіне, мені жастайынан тәрбиелеген ата-анама қолқабыс тигізссем деген  жас жеткіншектер үшін жатақхана шынында да екінші баспана болатыны бесенеден белгілі.

Олай дейтін себебіміз, «Жатақхана» деген кірер есік үстіне өрнектеп жазылған жазуды оқыған кезде студенттің жүрегінің толқитындығы шынында да рас. Өйткені, мемлектіміздің экономикасының жылдан жылға өркендеуіне қарамастан студенттерді толық көлемде жатақханамен қамтамасыз ету әліде жеткіліксіз. Сондықтан жатақханаға тұруға деканаттан рұқсат қағаз алған студенттің бір сәт болса да арманы орындалған сияқты. Себебі, студенттер жылдың екі айынан басқа күндердің бәрінде олардың өмірлері оқу ғимараттарында, басым көпшілігі жатақханада өтетіндігі анық.

Студенттік өмірдің қызығы мен шыжығы, қуанышы мен реніші жатақханада өтетіндігі белгілі. Сондықтан студенттердің жатақхана тұрғындарының міндеттері мен құқықтары, оны сақтау  ережесін білулері өте қажет.

Соған байланысты С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ 20 шілде 2016 жылы № 6597 бекітілген студенттердің жатақханада тұру туралы ережесімен университетіміздің әрбір студенті таныс болуы қажет.

С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ жалпы медицина факультетінің  жатақханада тұратын 015-001-2 және 015-002-1 үшінші курс студенттерімен «2 Хирургия» кафедрасының доценті, м.ғ.к. А.Қаныбеков 18.04.2018  жылы  №    жатақханада кездесу өткізді. Кездесу барысында тәжірибелі педагог жоғарыда баяндалған студенттердің жатақханада тұру туралы ережесімен студенттерді таныстырып, олардың көптеген сауалдарына жауап берді.

Жатақханада тұрып жатқан студенттердің  тәртіп сақтау, тынығу, сабаққа дайындалу туралы мәселелері қозғалды.

 Гуламбаева Эъзоза — болашақ терапевт, үшінші курстың студенті. Университетке түскен күннен бастап жатақханада тұрып келе жатқанын айта келіп, алғашқы кездерде ауылға, жанұяға деген сағынышын, кейбір кездерде ауылға кетіп қалуға ниеттенгенін, бірақ жастайынан  дәрігер мамандығын игерсем деген арманын орындауға белін бекем буғандығын жасыра алмады. Қазіргі уақытта жатақханада әруақытта жаныңнан табы­латын дос­тар тапқаны туралы айта келіп, бірақ ауылды сағынатынын, кейбір кездерде ата–анасымен, бауырларымен сөйлескенде жүрегінің толқып кететіндігі   туралы баяндады.

— «Жатақханада тұрмаған студент — студент емес» дегендей ел арасында «жалған» пікірлер бар екендігі анық,  бірақ студент қандай жерде болмасын, оқымасын, өмір сүрмесін оның студент екендігін растауға болатын шындық. Бірақ, жатақханада өмір сүруді өмірімнің қызықты шақтарын басыңнан кешіру деп білемін. Бөлмеде төрт қыз тұрамыз. Бір-бірімізге ауырлық түспес үшін кезекпен тамақ істейміз, бірақ кезекшілік күні біреуміздің уақытымыз болмай бара жатса кезексіз тамақ әзірлейтін күндеріміздің болатындығын жасыра алмаймын. Әрине, әр жолы өзіміз аңсайтын тамақты дайындауға студенттің шәкіртақысының жеткіліксіздігі белгілі, бірақ соған қарамастан  үйдің тамағындай ас әзірлеуге тырысамыз,- дейді үшінші курс студенті Әбдібахи Г.

Үшінші курстың студенті Жиенбаев Н.  №7 жатақхананың коменданты Аманбаева Н.У. өздерінің екінші анасындай болып, біздің қуанышымызға қуанатынын, ренішімізге бізбен қоса ренжитінін, өзінің өмір тәжірибесінен мысал келтіріп, үнемі ақылын айтып отыратындығын білдірді.

Отырыс соңында, доцент А.Қаныбеков студенттердің жатын, ас әзірлейтін және т.б. бөлмелерімен танысып, кейбір олқылықтарға қарамастан жатақханада студенттерге мүмкіндігінше барлық жағдайлардың жасалынғанын қорытындылады. Дегенмен, кейбір бөлмелерде студенттердің жиі тұратындығы, санитарлық ережеге онша сай келе бермейтіндігі туралы сөз болып, салынып жатқан жатақхана іске тезірек қосылса деген тілектерін Университет әкімшілігіне   білдірді.

 

015-002-1 үшінші курс студенті Гадилжанов С