ҚазҰМУ-ніңстуденттері қазақтың мемлекеттік М.Әуезов атындағы академиялық драма театрына қонаққа барды.

Наурыздың 28 күні 2013ж. С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-нің

ЖМ 1 курс 12-004, 12-002, 12-0010 тобының студенттері  және «коммуникативтік дағдылар, психотерапия негіздері, жалпы және медициналық психология» кафедрасының аға оқытушылары  тьюторларЕрназарова С.Т., Алибаева Р.Н., Айбасова А.К-ңжетекшілігімен қазақтың мемлекеттік М.Әуезов  атындағы академиялық драма театрына барып, «ГАМЛЕТ» қойылымын тамашалап қайтты. Спектакль көрермендердің зор ықыласымен қабылданды.

У.Шекспир Гамлет — ақылды, тез тұтанғыш сонымен жақсылығы қатар жүретін жас жігіт. Бітімі мен қимылы неткен дара? Оның ойы неткен ізгі, қабілеті неткен шексіз? Әкесінің оқыс өлімі, шешесінің асығыстықпен екінші рет тұрмысқа шығуы секілді бірінен кейін бірі жалғасқан оқиғалар оны одан сайын ширықтырады. Дүниенің көркі, күллі тіршіліктің мұрағаты ғой, адам,-дейтін Гамлет үшін өмір неге соншалықты құнсызданды? Болу ма, жоқ бордай тозу ма? Оның осы қанатты сөзінің мағынасы бүгінге де қатысты. Жалпы адамзатқа ортақ уайым.

Спектакль біткен соң студенттер тьюторларымен бірге естелікке суретке түсті.