Қазақтың қаһарман қызына тағзым

Қазан айының 1 жұлдызында №6 жатақхана студенттер кеңесінің ұйымдастырумен  жатақхана оқу залында «Қаһарман қызы қазақтың» атты мерекелік кеш өткізілді.

Мерекелік кеш университеттің 3 тұғырлы тіл ұстанымы бойынша 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) өткізілді. Оқу залы лайық түрде безендірілді. Сонымен қатар мерекелік кешке қатысушылар арасында бірнеше ұлт өкілдері болды.

Халқымыздың қаһарман қызы, Шығыстың қос шынарының бірі – Кеңес Одағының батыры Мәншүк Мәметованың өміріне тоқталып, өмір баянын толықтай сипаттаған ЖМ 3- курс студенті Жұмабай Ләззат.

Ауғанстаннан келген  Надикибулла Какар ағылшын тілінде Мәншүк Маметованың өмір баянын көрермендерге, келген қонақтарға баяндап өтті.

Кеш барысында көрермендерге Мәншүктің ерліктері түсірілген бейне материал көрсетілді. «Қазақфильм» киностудиясы түсірген картинада осы біртуар перзентіміздің соғыс алаңындағы бір күні бейнеленген.

Кеш домбыраның үнімен, қобыздың сазды әуенімен жалғасын тауып отырды.

Қазақ ақындарының Мәншүк Мәметоваға арнаған қазақ тіліндегі  орыс тіліндегі өлен шумақтарын қазақ, ауған студенттері мәнерлеп оқып шықты. (Шабир Ахмад, Абдул Нудус, Мохаммад Самим, Мохаммад Юсуф, Бораш Дина, Салманова Эльмира, Әбдікеримова Гүлназ)

Майдан даласындағы Мәншүктің бір күндік өмірін  көрніс ретінде сипаттап  қоюда жатақхана студенттері тыс қалмады.

Кештің құрметті қонақтары әрі өткілген кешке сын айтушы, баға беруші және университетіміздің белгілі мамандары Жалпы медицина факультетінің тәрбие жұмысы бойынша декан орынбасары Серік Аманқұлұлы, студенттердің әлеуметті-мәдени құзіретін дамыту басқармасының жетекші маманы Гүлнар Калижанқызы. Кеш өте қызықты да, мәнді өтті. Кеш аясында басқа ұлт өкілдері тіпті өзіміздің қазақ балалары Мәншүктің сөзсіз батырлығына, отан сүйгіштігіне таңырқай қарап, бастарын шайқаумен болды. Мәншүк туралы білгендер білмегендерге түсіндіріпте жатты. Кешіміз Мәншүкті еске алумен қатар оны басқа ұлт өкілдеріне қайталанбас пенде ретінде көрсете білді және де қазақ ұл-қыздарынның көкейлеріне түрткі бола білді.

 

 

Декан орынбасары                     Ниязбеков С.