«С.Ж. Асфендияров:шығармашылық қызметі және қазіргі Қазақстан» дөңгелек үстел. 17.10.2014

 

«С.Ж. Асфендияров:шығармашылық қызметі  және қазіргі Қазақстан»

дөңгелек үстел. 17.10.2014

 

2014 жылдың 17 – қазан күні университетіміздің «Даңқ залында» сағат 16.00.- де С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дің студенттердің әлеуметтік-мәдени құзіретін дамыту департаменті және Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының ұйымдастыруымен ұлтымыздың ұлы тұлғасы Санжар Жапарұлы Асфендияровтың туғанына 125 жыл толуына орай «С.Ж. Асфендияров:шығармашылық қызметі  және қазіргі Қазақстан» атты дөңгелек үстел өтті. Дөңгелек үстел жұмысына көрнекті Санжартанушы, Ш.Ш. Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының ғылыми қызметкері Жүнісбаев Алмас Әбдіғаниұлы, Абай атындағы Қазақ Ұлттық Педагогика Университетінің профессоры, т.ғ.д. Сүтеева Қанзада Ағыбайқызы сынды көрнекті тарихшылар және Жалпы медицина, стоматология, фармация факультеттерінің 1-курс студенттері қатысып, кафедра доценттері:  Ғ.Т. Рсалдина, К.А. Тулентаева, Р.И. Бейсембина, Н.К. Дюсенова, аға оқытушылар: М.Қ.Дауытбекова, С.А. Жолдыбаева, С.М. Илгидаевалара баяндама жасап, Санжар Жапарұлының қоғамдық-саяси қызметі тарихындағы өзекті мәселелер қарастырылды, тарихтың ақтаңдақ беттері парақталды.

Іс-шара соңында студенттер шығармашылығы айдарымен берілген бөлімде студенттер жүректерінен шыққан туындыларын арнап, күй тыңдалды.

Дөңгелек үстел жұмысына С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ кітапханасы «Алаштың ардағы» атты кітап көрмесін  ұйымдастырды.

Дөңгелек үстел жұмысын Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық пәндер кафедрасының меңгерушісі, доцент Бисембаева Зинакуль Убайдақызы қонақтарға және қатысушы студенттерге үлкен алғыс білдіріп, С.Ж.Асфендияровтың қазақ тарихы және денсаулық сақтау ісіндегі алар орны ерекше екенін, ғалым, тарихшы, педагог, дәрігер ретіндегі еңбектеріне тоқталып, іс-шара жұмысын қорытындылады.

Дөңгелек үстел жұмысы аяқталғаннан кейін кеш қонақтары университет мұражайымен таныстырылды. Мұражай қызметкерлері С.Асфендияров бұрышымен таныстырып, тарихи құнды жәдігерлерді қонақтар назарына ұсынды.

 

 

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-гуманитарлық

пәндер кафедрасының аға оқытушысы, т.ғ.к.                        Дауытбекова М.Қ.