Президентке арнау

2014 жылдың 5 желтоқсан күні «Қалыпты Анатомия» кафедрасының профессоры Романюк С.Н. , доцент Ахмад Н.С., және   ҚазҰМУстуденттердің  «Бірлік»  кіші ассамблеясы  ұйымдастыруымен М. Маметова атындағы аудиторияда  «1 желтоқсан –тұңғыш президент күні» атты іс-шара өткізілді. Іс – шара ЖМ13-001-2қ тобының студенті Шермахмедова Санияның «Президентке арнау » атты өлең жолдарымен басталды:

«Тағылым тарихтан бастау алған,
Ынтымақтастығымыз дастан ән.
Жетістіктері еліміздің
Нұрағадан басталған.
Әрмен қарай болашақтың кепілі
Аманат қой мына біздей жастарға!!!».

Өлең жолдарынан кейін  Қалыпты анатомия кафедрасының меңгерушісі профессор Досаев Т.М. мерекемен құттықтап, өзінің ізгі тілегін білдірді.

Іс – шараны 2 курс студенті Кулиева Лейла жүргізді және  Жалпы Медицина факультетінің 2 курс студенттері белсене ат салысты:

1.Шин Анастасия «Биография Президента »  атты презентациясымен таныстырды.

  1. Темірболатова Айжанат «Вклад Н.А.Назарбаева – Президента РК» баяндамасын оқыды.
  2. Айтбазар Райхан « Нұрлы жол, жаңа экономикалық саясаты» атты баяндамасымен елбасымыздың жолдауымен таныстырды.
  3. Күнжігітова Баянсұлу – «Biography of Nazarbayev N.A.» шет тілінде баяндама жасады.
    5. Белявская Викторияның президентке арнаған шет тіліндегі тамаша өлең жолдарына куә болдық.
  4. Көрермендердің көңілін көтеру үшін Ибрагимова Мөлдір мен Огай Юлиана ойын жүргізді және Насирова Адель әр-түрлі сұрақтар қойып, жеңімпаздарға сыйлықтар таратты.

Іс – шараны Роза Рымбаеваның «Туған жер» әнімен аяқтады.

Старший тьютор кафедры нормальной анатомии, доцент Ахмад Н.С.