Онкологиялық сырқаты бар балаларға көмек.

Медицина саласының қарқынды дамып жатқанына қарамастан, елімізде қасқалдақтын қанындай осы күнге дейін донор қаны тапшы екені баршамызға мәлім.Осы жетіспеушіліктің бір бөлігін болсада толтыру мақсатында, университетімізде жыл сайын өткізілетін дәстүрлі донор күндері қарсаңында науқас балаларға қол ұшын беру мақсатында жалпы медицина факультетінің студенттік деканат ұжымы барша факультет және университет студенттеріне үлгі болып, осынау ізгі ниеттегі жақсы дәстүрлі іс шараның одан әрі жалғаса беруіне өз үлесімізді қосып қан тапсырып донор болып қана қоймай,  барлық донор бола алатын студенттерге донор болып науқас балалар өміріне араша болуға шақырамыз.  Бүгінгі тапсырылған қасықтай қан, ертеңгі күні науқас өміріне араша болып шипасын тигізіп жатса, әр донор болған студенттің таңдаған мамандық жолындағы ізгі істерінің бастамасының үздігі екеніне күмән жоқ.