Молекулалық биология және генетика кафедрасы

Жалпы биология кафедрасы 1931 жылы 21 сәуірде институттың алғашқы 10 кафедрасының қатарында ұйымдастырылған. Кафедраның алғашқы меңгерушісі профессор В.А. Захваткин болды. Осы 10 жылдықтың ішінде кафедраның штаты бар болғаны кафедра меңгерушісінен, ассистент және лаборанттан тұрды.

1933-1941 жылдары кафедраның меңгерушісі б.ғ.д. проф. Бартеньев А.Н. болды. Бұл уақыт кафедраның ұйымдастырылуы және өрлеу кезеңі болып табылады. Кафедра бар болғаны екі бөлмеде орналасқан болатын (кафедра меңгерушісінің кабинеті және оқу бөлмесі). Бартеньев А.Н. сол уақыт ішінде СССР-ден басқа шет елдерде де жақсы танылған инелік фаунасын жақcы білетін адам, орыс энтомологиялық қоғам мүшесі, Казан университеті кезіндегі жаратылыстанудың әуесқойлар қоғам мүшесі, Оралдың жаратылыстану қоғам мүшесі және Дондық жаратылыстану сынаушылар қоғам мүшесі болған. Бір уақыттары 1935 -1937 жылдар аралығында КазМИ –дің биология кафедрасын басқарған, Қазақ биологиялық факультетінің деканы болған. Қазақстан мен СССР аумағындағы фауна қатарын білудегі 24 экспедицияға қатысушы және ұйымдастырушы болған. 104-ке жуық баспа түрде ғылыми еңбек жазған.

1941 жылдан 1954 жылдар аралығы студенттер ортасының көбеюімен,кафедра штаты мен оқу бөлмелерінің көбеюімен сипатталады. 1943 ж қарай кафедра ұжымы 1 доцентке, 2 ассистент пен лаборантқа көбейді. 1950 жылы кафедрада 14 қызметкер жұмыс жасай бастады:1 доцент, 4 ассистент, 3 аспирант, 5 аға лаборант және кіші лаборант. Кафедра микроскоптар, лупалар, препараттар, кестелер, құрал жабдықтарымен қамтамасыз етілді. Бұл кезеңде кафедраға профессор А.А. Войткевич жетекшілік етті және оның жетекшілігімен кафедрада белсенді түрде ғылыми зерттеулер жүргізілді. 1948 жылы алғаш аспирантура ашылып, оған 2 аспирант қабылданды. Кафедраның барлық қызметкерлері белсенді түрде ғылыми жұмысқа қатысты.

«Қалқанша безінің гормоны және антитиреоидты заттар» және «Қалқанша безінің гормондарының бүтін ағзаның ауру тудырушы бастамаларға қарсыластығындағы рөлі» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілді. Даму процессінде орталық жүйке жүйесінің рөлін анықтауда, ғылыми тақырыптар кеңейтілді. Зерттеу нәтижелері 2 еңбектер жинағына (1952-1953 жж), сонымен бірге А. А. Войткевичтің «Қалқанша безінің гормоны және антитироидты заттар» атты монографиясына енді. Кафедра ұжымымен 74 ғылыми жұмыстар басылымнан шықты. Осы ғылыми жұмыстардың нәтижесінде 1 докторлық (В.И. Захаров) және 4 кандидаттық диссертация (Г.В. Хомулло, С.Н. Гордино, А.А. Фейгина, Г.А. Мунайтбасова) қорғалды.

Кафедрада 2 ғылыми студенттік үйірме жиі жұмыс жасап отырды: биологиялық және зоологиялық. Ғылыми журналдарда 10 студенттердің ғылыми зерттеулерінің нәтижелері басылды.

Б. ғ. д. В. И. Захаров 1943 жылдан бастап кафедра қызметкері, 1954-1956 жылдары кафедра ұжымын басқарды. Бақаның тері асты бездерінің биологиялық қасиеттерін 9 жыл барысында сәтті зерттеу жүргізді. Осы зерттеу жұмысының нәтижесінде, 40-қа жуық еңбектер басылып шықты. 1953 жылы «Бақа уы» атты докторлық диссертация қорғады. Көптеген жылдар бойы ол зоологиялық студенттердің ғылыми үйірмесіне басшылық етті.

Медициналық және ветеринарлық паразитология және бактериология аймағында таңдамалы маман болды. 1939 жылы Шығыс Қазахстандағы гельминтоздармен қарсы күресте Республикалық тропикалық станциясындағы гельминтоздар бөлімінің қызметкерлерімен 4 эпидемиялық қатарды сәтті басқарды. Кең ауқымды ғылыми материалдарды жинады және көптеген денсаулыққа пайдалы және алдын-алу жұмыстарын ұйымдастырды. В.И. Захаров қоғамдық-саяси жұмыспен белсенді айналысты. Алматы тұрғындарына жалпы биологиялық тақырыбы бойынша ғылыми-атақты дәрістер оқыды. Паразитология бойынша ғылыми-атақты қатарының авторы болды.

Қазақ медициналық ұжымымен бірге В.И. Захаров 1950 жылы еңбекшілердің сталиндік аудандық советіне кандидаттыққа ұсынылды, 1951 жылы халықаралық мәжілісте депутаттыққа кандидат болды.

Осы жылдары кафедрада 13 адам еңбек етті.1955 жылы 1 кандидаттық диссертация қорғалды.

1956 жылдан 1961 жылдар аралығында кафедраны Днепропетровский мед. институтының түлегі (1941 ж) б.ғ.д. проф. Алеев Алексей Матвеевич басқарды. Биология кафедрасының меңгерушісі конкурсқа түсуіне байланысты СССР Денсаулық сақтау Министрлігі бұйрығымен Корган ауылшаруашылық институтынан ауыстырылды. Кафедра штаты бұл уақытта 13 адамнан тұрды (1 доцент, 5 ассистент, 2 аспирант, 4 лаборант). «Алматы қаласының тұрғындарының гельминтоздармен аурушылдығы және оларды сауықтыру шаралары» тақырыбы бойынша ғылыми-зерттеулер жұмысы жүргізілді. Осы жылдары кандидаттық диссертациясын қорғаған Гагарина Р.Н. (1957 ж), Намитиков А.А. (1959 ж) 2 аспирант қабылданды. 22-ден аса ғылыми еңбектер басылымға шықты.

Содан кейінгі 12 жыл бойы кафедраны доцент В.Р. Еланцева басқарды, ол еңбек жолын 1946 ж биология кафедрасында жас ассистент ретінде бастады. Валентина Романовна қоғамдық және ғылыми жұмыстарды белсенді атқарды. Ол «Адамдардың және ауыл шаруашылық жануарларының ауруларының табиғи ошақтары» атты проблемма бойынша ғылыми кеңес мүшесі, Республикалық генетиктер қоғамының және Қазақстан паразитологтар қоғамының мүшесі, Республикалық биологтар кеңесінің «Знание» қоғамының мүшесі болды. 30-дан аса ғылыми еңбектердің авторы болды.

Бұл жылдары кафедра қызметкерлерінің ғылыми-зерттеу жұмыстарының негізгі тақырыбы «Адамдар және жануарлар токсоплазмасын зерттеу » болды. 1962 ж кафедра ассистенті Х. Х. Мұсабаев кандидаттық диссертациясын қорғады. Бұл жылдары кафедра қызметкерлерінің саны өзгермеді. Ұжым дәрежесі бар жас оқытушылармен толықтырылды және олар осы кафедрада 30 жылдан аса қызмет атқарды: олар Л.Л. Посунько, Н.М. Ишмухамедова, Л.Е. Аманжолова, К.С. Нұртаева.

1974-1975 жылдары кафедраны уақытша кафедра ассистенттері басқарды. 1976 жылдан 1986 жылға дейін кафедра меңгерушісі болып доцент Кален Сапарғалиұлы Сахибзадаев тағайындалды. К.С. Сахибзадаев медико-биологиялық пәндерінің мәселесі бойынша Республикалық кеңестің «Знание» қоғамының мүшесі, ҚазССР Денсаулық сақтау Министрлігінің паразитология мәселесі бойынша Бақылау Комиссиясының мүшесі болды. .

Кафедра штаты бұл уақытта 17 адамды құрады; олар 2 доцент, 8 ассистент, 6 лаборанттар. Профессор оқытушылар құрамының ғылыми дәрежесі 75% болды. Кафедра №2 ғимараттың 2-ші қабатында орналасты және 8 бөлмеден тұрды. 1979 ж проф В.В. Шевченко және доц. К.С. Сахибзадаевтың жетекшілігімен «Қазақстанның қан сорғыш соналар биологиясы және морфологиясы» тақырыбында зерттеу жұмыстары басталды. 1982 ж кафедра доценті б.ғ.к. Н.М. Ишмұхамбетова ҚазССР МВССО «Жоғары мектебінің» үздік орденіне ие болды.

Содан кейінгі 3 жыл бойы (1987-1989 жж) 1963 ж АЗВИ-дің түлегі В.И.Ленин степендиясының иегері, генетика ғылымының маманы б.ғ.д. Сәрсенов Абдікәдір Сарсенович басқарды. А.С. Сарсенов өз ғылыми зерттеуінде әртипті генетикалық формаларда шағылыстыру механизмінің тиімділігі жайлы молекулалық-генетикалық түсінік енгізді. Олар ғылыми қоғамының биологиялық кең атағын алды: жоғарғы оқу орнына арналған оқулықтарға негізгі теориялық жағдай енгізілді, біраз жұмыстары шет елдерде жарияланды . А.С. Сарсенов кафедрадағы жұмыс барысында 50 ғылыми еңбектер мен 1 монографиясы жарық көрді. Бұл аралықта кафедра ұжымы 16 адамнан құралды, профессорлық оқытушылық құрамы 100 % құрады. Кафедрада ғылыми зерттеу жұмысы бойынша «Адам өмірінің ұзақтығы» тақырыбында жұмыс жүргізілді.

1990-1991 жж кафедраны б.ғ.к. доцент Л.Л. Посунько басқарды, ол кафедрада 1965 жылдан бастап жұмыс жасады және көп жылдар бойы кафедраның оқу ісінің меңгерушісі болды. Кафедрадағы жұмыс аралығында «Коммунистік еңбек екпіндісі» (1983 ж) және «Үздік еңбегі үшін» (1989 ж) белгісімен «Еңбек ардагері» (1990) медалімен марапатталды. Бұл кезеңде кафедра ұжымы 22 адамнан құралған, оның ішінде 5 доцент, 2 аға оқытушы, 8 ассистент, 6 лаборант болды.

1991 жылдан 2001 жылға дейін кафедраны медицина ғылымының докторы, профессор Қазымбет П.Қ. басқарды, АММИ емдеу факультетінің түлегі өте білікті, академик С.Б. Балмұханов және академик С.П. Ярмоненконың шәкірті болды. Проф. П. Қ. Қазымбеттің жетекшілігімен көп жылдық үзілістен соң радиобиология мамандығы бойынша аспирантура қайта ашылды. Кафедра ғылыми-зерттеу жұмыстар Қазақ онкология және радиология ғылыми – зерттеу институтымен бірге «Ісіктерді сәулемен емдеуде қалыпты ұлпаларды таңдамалы қорғау әдістерін өңдеу» тақырыбы бойынша жүргізілді, бұл тақырып 1994-1996 жылдары Қазақстан Республикасының жаңа технологиялар және ғылым Министрлігімен қаржыланды. Профессор П. Қ. Қазымбеттің жетекшілігімен осы ғылыми тақырып бойынша 1 докторлық және төрт кандидаттық диссертациялар (В. Б. Ким 1994 ж., Р. Н.Еспаева 1998 ж, З. Б. Тұңғышбаева 2002 ж., У. А. Нұралиева 2002 ж) қорғалды. ҒЗЖ-ның нәтижелері денсаулық сақтау тәжірбиесінде 3 әдістемелік нұсқаулар және «ЛГМ рефрактерлік түрлерін жүйелі сәулемен емдеуде, асқынуларды алдын-алу әдісін және «Қатерлі лимфомаларды емдеу әдісі» атты 2 өнертабысқа патент алынды. . Сонымен бірге, осы уақытта факультеттік терапия кафедрасы ЕДШ және физиотерапия курсымен бірге «Алдын алу мен емдеудегі гипоксирадиотерапия» ғылыми тақырыбы бойынша зерттеулер жүргізілді (тақырыптың ғылыми жетекшілері П. Қ. Қазымбет және А. Ж.Мазақова). Осы тақырып бойынша 1 кандидаттық диссертация (С. Т. Шарипова) қорғалды, 20 ғылыми еңбектер жарыққа шығарылды. Денсаулық сақтау бөліміне көмек ретінде медициналық сақтандыру бөлімшесіне 3 әдістемелік нұсқаулар жарияланып енгізілді.1991 ж аға оқытушы Л.Е.Аманжолова «ҚазССР-нің халық ағартудағы үздігі» төс белгісімен марапатталды.

Бұл кезең кафедраның материальды-техникалық базасының жақсаруымен сипатталады. Кафедра жаңа аудиторлық корпусқа ауысты және қазіргі кезде де сол жерде орналасқан. Сол жылдары кафедра штаты 14 адамнан құралды (4 доцент,1 аға оқытушы, 6 ассистент, 2 лаборант). 1998 ж проф.П. Қ. Қазымбеттің жетекшілігімен алғаш рет қазақ және орыс тілдерінде Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау Министрлігімен ОӘБ-мен бекітілген жоғары медициналық оқу орындарының студенттеріне арналған медициналық биология, генетика және радиобиология бойынша типтік бағдарлама құрастырылды. Осы кезеңде университетте студенттерді мемлекеттік тілде оқыту басталуына байланысты кафедра қызметкерлерімен қазақ тілін оқу процессіне енгізу бойынша орасан зор жұмыстар жасалынды. Студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар; «Клетка биологиясы және генетикасы», «Адам биологиясы», «Медициналық генетика мен паразитологиядан типтік және ситуациялық есептер», «Генетика есептерінің жинағы» және басқалар жарыққа шықты. Осы жұмыстардың нәтижесі ретінде медициналық биология бойынша қазақ тілінде бірінщі оқулық «Медициналық биология» (авторлары П. Қ.Қазымбет, Қ. С.Нұртаева, Л. Е.Аманжолова, 2000 ж.) басылымнан шықты.

Алғаш рет фармацевттік факультетінің 1 курс студенттерін оқыту басталуына байланысты, кафедра доценті, б.ғ.к. Х. Ш. Иржановамен жұмыс бағдарламасы жасалынды.

Сонымен бірге емдеу және педиатрия факультеттерінің 2 курс студенттеріне арналған алғаш рет радиобиология бойынша жұмыс бағдарламасы құрастырылып, әдістемелік нұсқаулар (проф. П. Қ.Қазымбет, доц. Р.Т.Жұмашева, З.Б.Тұңғышбаева), «радиациялық экология» оқу қуралы (Р.Т.Жумашева, Н.Р.Мажренова) дайындалды.

Ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізілді: 1991 жылдан 2001 жылдар аралығында барлық кафедра ұжымымен 40-тан аса студенттерге арналған әдістемелік нұсқаулар, 200-ден астам ғылыми мақалалар, 2 ғылыми еңбектер жинағы басылымнан шықты. Бұл жылдар кафедраның алдыңғы қатарлы доценттері мен оқытушыларымен: Сахибзадаев Қ.С., Посунько Л.Л., Ишмухамедова Н.М., Захарченко Г.Н., Апсатарова Д.Ж., Аманжолова Л.Е., Иржанова Х.Ш., Нуртаевой Қ.С., Әлмұхамбетова С.Қ., және т.б. орасан зор оқу-әдістемелік жұмыстар жүргізілді

1996 ж кафедра 65-жылдық мерей тойын тойлады. Осыған орай кафедра ұжымы П.К.Казымбет басшылығымен К.Байсейтов атындағы музыкалық мектептің шекті аспаптар оркесторы мен университеттің домбыра оркесторымен және студенттер қатысуымен салтанатты концерт ұйымдастырылды.

Мерей тойға кафедраның бұрынғы барлық қызметкерлері, басшылық өкілдері, университеттің басқа кафедралары, демеушілер, студенттер шақырылды. П.Қ.Қазымбет ғылыми, педагогикалық және қоғамдық жұмыстарды шеберлікпен үйлестірді.Ол кісі емдеу факультетінің деканы (1992-1995 жж), ҚР жоғары медициналық оқу орындарының ОӘБ-нің жаратылыстану пәндерінің ғылыми-әдістемелік комиссиясының жетекшісі, университеттің Ғылыми Кеңесінің мүшесі, университеттің циклдық әдістемелік комиссиясының мүшесі болды. 2001 жылы профессор Қазымбет П.Қ. Ақмола медициналық академиясының ректоры болып тағайындалды.

2001 жылдан бастап кафедраға медицина ғылымының докторы, профессор Е. Ө.Қуандықов жетекшілік етті, Е. Ө. Қуандықов кафедраның алдыңғы жетістіктерін нығайтумен қатар, кафедраның материалдық-техникалық, әдістемелік және ғылыми базасын одан ары дамуына үлкен үлес қосты. Жемісті еңбегі үшін проф. Е.Ө. Қуандықов Құрмет Белгісі орденімен және Білім беру үздігі белгісімен ерен еңбегі үшін медальімен және Құрмет грамоталарымен марапатталды.

Е.Ө.Қуандықов 60-тан астам ғылыми және әдістемелік жұмыстардың авторы, оның ішінде 6 оқулық және негізгі генетикалық және биологиялық терминдердің орыс-қазақ тілдерінде аудармасы бар.Ол кісінің жетекшілігімен 1 докторлық және 3 кандидаттық диссертация қорғалып, 2 докторлық диссертация қорғалу үстінде.

Профессор Е. Ө. Қуандықовтың жетекшілігімен барлық тақырыптар бойынша кеңейтілген ақпараттық материалымен және түрлі түсті суреттерімен екі тілде «Медициналық биология және генетика» оқу құралы, қазақ тілінде «Жалпы генетика» оқу құралы (Тұңғышбаева З.Б.) басылымнан шықты. Сонымен бірге «Шығыс медицинасы», «Медико-биологиялық іс» (Жұмашева Р.Т., Тарақова Қ.А.) жаңа мамандықтары бойынша және медико-профилактикалық факультетінің 3 курс студенттеріне арналған медициналық паразитология бойынша (Нуртаева Қ.С.) жұмыс бағдарламалары жасалынды. «Жеке және тарихи даму» атты оқу құралы )доцент Жұмашева Р.Т., Әлмұхамбетова С.К.), қазақ тілінде «Медициналық паразитология» оқулығы (Амиреев Е.А., Жаханов А.Ж., Құдайбергенов К.К) басылымнан шықты, медициналық биология және генетика бойынша қазақ тілінде оқу құралы қайта басылымнан шықты (авторлары Қуандықов Е.Ө., Әбілаев С.А.). Кафедра штаты 20 адамнан құралды, олардың ішінде 1 профессор, 6 доцент, 2 аға оқытушы, 4 оқытушы, 6 лаборанттар

2005 ж проф. Қуандықов Е.Ө. ҚазҰМУ-тің оқу-тәрбие жұмысы бойынша бірінші проректоры болып тағайындалды.

2005-2006 жылдары кафедраны доц. биология ғылымының кандидаты Жұмашева Рахима Тәжібайқызы басқарды.

2006 жылдан бастап қазіргі уақытқа дейін проф. Қуандықов Е.Ө. кафедра меңгерушісі болып келеді. Кафедра қызметкерлері доц. Аманжолова Л.Е., проф. Жаханов А.Ж. (2006 ж), доц. Нұртаева К.С. «Оқу ісінің үздігі» белгісімен марапатталды, доц. Жұмашева Р.Т. университеттің қола медалімен, доц. Тұнғышбаева З.Б. күміс медалімен марапатталды.

Қазіргі таңда кафедрамызда 2 профессор:м.ғ.д. Қуандықов Е.Ө., м.ғ.д. Ермекова С.А., 4 доцент: м.ғ.к. Нұртаева Қ.С., м.ғ.к. Әлмұхамбетова С.Қ., м.ғ.к. Жұмашева Р.Т., м.ғ.к. Нұралиева У.Ә., 2 аға оқытушы: Тарақова Қ.А., Сарсенова Л.Қ., 10 оқытушылар: Құлықбаева А.Р., Какишева Г.Т., Нүрпейсова И.К., Танеева Г.Т., Мадемарова Г.А., Қыдырбаева А.Қ., Игисинова Б.О., Жүзжан Қ.Е., Жұмағұл М.Ж., Рысбекова А.Б.2 аға лаборант: Мұстафаева А.Ж., Әубәкірова А.Б. қызмет жасайды.

2006 жылғы МЖББС бойынша жаңа пәннің енуіне байланысты, медициналық биология және генетика кафедрасы молекулалық биология және генетика кафедрасы болып ауыстырылды.

Жаңа пәнді оқу-әдістемелерін қамтамасыз ету барысында кафедра ұжымы шешуші үлес қосты. Проф. Е.Ө.Қуандықовтың басқаруымен кафедра қызметкерлері молекулалық биология және генетика бойынша барлық мамандықтардың, мейірбике ісінен басқа (жалпы медицина, стоматология, қоғамдық денсаулық сақтау, фармация) ҚР ДМ –ға типтік бағдарлама дайындалып бекітілді.

Кафедрада типтік бағдарламаның негізіне сай барлық мамандықтарға жұмыс бағдарламасы мен оқу-әдістемелік кешені жасалып, типография әдісімен шығарылды.

Осы уақыт ішінде кафедра қызметкерлеріне 6 оқулық және 4 оқу құралдары шығарылды. Астана, Ақтөбе, Семей медицина оқу орындарындарда орыс және қазақ тілдерінде шыққан молекулалық биология және генетикадан 4 оқу құралы пайдалануда.

Дәрістердің және практикалық сабақтардың сапасын жоғарылату мақсатында, молекулалық биология және генетика пәнінен қазақ және орыс тілдерінде 200-ден астам суреттер, кестелер, сызбалар типография әдісімен дайындалды.

Практикалық сабақтарда (интерактивті тақта), проблеммалық-бағыттап оқыту сабақтарында студенттердің интернетке еркін еніп, қазіргі инновациялық-технологиямен оқыту кафедрада белсенді енгізілуде.

Соңғы жылдары кафедра қызметкерлері (Сарсенова Л.К.) Израилда, Рессейде, Англияда, Данияда білімін жоғарылатты.

Сонымен қатар оқу барысында кафедрада ғылыми-зерттеу жұмысы жүргізілуде. Университеттік ғылыми кеңесінде 3 докторлық диссертация (доц. Жұмашева Р.Т., Тұнғышбаева З.Б., Нұралиева У.Ә.) бекітіліп және орындалып, аяқталу барысында. Жас оқытушылар (Танеева Г.Т., Қыдырбаева Ә.Қ., Игисинова Б.О.) магистрлік дәрежесін алуда диссертацияларын орындау үстінде.

Кафедра қызметкерлерінің 62 ғылыми және оқу-әдістемелік жұмыстары алыс және жақын шет ел басылымдарында, отандық журналдарда және университеттің ғылыми жинақтарында басылып шықты.

Кафедра қызметкерлері Уфа, Новосибирск, Бішкек, Астрахань, Семей, Астана, Алматы және т.б. қалалардағы конгресстерге, конференцияларға, симпозиумдарға қатысты.

Кафедраның профессорлық оқытушылар құрамы, ректорат және университет деканатының жұмыстарына белсене қатысады. Әр жылдары кафедра қызметкерлері факультет деканы (доценттер Әлмұхамбетова С.К., Жаханов А.Ж.,), факультет деканының орынбасарлары (доценттер Нұралиева У.А., Тұнғышбаева З.Б., Таракова К.А.) қызметтерін атқарды. Қазіргі уақытта доц. Жұмашева Р.Т. жалпы медицина факультетінің деканы, аға оқытушы Сарсенова Л.К. инновациялық-технологиялар бөлімін басқарады.

Ғылыми әдебиеттермен студенттердің өзіндік жұмысының орындалуы, шығармаларды талдау және оны ғылымға енгізуді кеңейту, оқу барысында қолдану, кафедра шығармашылығының ең негізгі бағыты болып табылады. Осы жетістіктерге жету үшін студенттердің «Биолог» атты ғылыми үйірмесі жұмыс жасайды. 1991 жылдан СҒҮ екі тілде жүргізіледі: мемлекеттік және орыс тілінде. Әр жылы бірқатар студенттер жеке ғылыми-зерттеулерінің нәтижелері бойынша үйірме жұмысына қатысады. Әр жылы өтілетін университеттің ғылым күнін атап өту ғылыми конференциясында , «Биолог» атты СҒҮ –нің тиімді жұмыс көрсеткені үшін жеңімпаз бірнеше рет марапатталды (Козбаков А., Мергенбаева А.). ҚазҰМУ студенттер еңбегінің жинағында олардың жұмыстары басылып шықты.

Молекулалық биология және генетика кафедрасы, республикамыздың барлық медициналық оқу орындарына ПОҚ-ның біліктілігін жоғарылатуының негізі болып табылады. Фармацевтік және дәрігерлік кадрларды үзбей дайындаудағы замануи мемлекеттік талапқа сай жүргізіледі және денсаулық сақтау мүшелерінің міндеттері, студенттерге рухани, патриоттық, білікті, ауруларға жанашырлықпен қарау бағытында тәрбиеленеді.Осы мақсатқа жетудегі негіз, кафедраның ПОҚ тәрбиелік жұмысы болып табылады. Жаңа жыл, Наурыз, Студенттер қатарына қабылдау, ұжымды түрде театрға, концерт залына, мұражайға бару кафедраның традициялық мерекесіне айналды.

Университет қаланғаннан бастап, Университеттің 80-жылдығына орай, кафедра ұжымы Университетіміздің жарқын да бақытты болашағының оптимистік және сенімді түрде нақты жетістіктерімен қарсы алады.