«Медицинада жемқорлыққа жол жоқ!»

«Медицинада жемқорлыққа жол жоқ!»

01.04.2016 жылы №1 М.Маметова атындағы аудиторияда Патологиялық анатомия кафедрасы мұғалімдерінің: Сапаргалиева А.Д. Шумкова Э.Н

Алшериева У.А. Бастимиева Б.Е.

Серикбай М.К. Анаятова Б.Ж Шингениева Ж.Т    және Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен «Медицинада жемқорлыққа жол жоқ!» тақырыбында тәрбие жұмысы өткізілді.  Осы іс-шараға жалпы медицина факультетінің

2 курс 34-1/2, 13-1/2, 14-1/2  32-1/2, 39-1/2, 50-1/2 топ студенттері қатысып, өздерін белсене көрсете білді. Іс – шара барысында 34-1/2 және 13-1/2  тобының ұйымдастыруымен «Емханадағы коррупция» тақырыбында қойылымдар қойылды. Жалпы медицина факультететінің осы топ студенттері өлең шумақтарын оқып, күй тартып, би билеп, ән айтып өз өнерлерін паш етті. Іс-шара жоғары деңгейде өтті. Кері байланыс ретінде көрермендерден «Медицинада жемқорлыққа жол жоқ!» атты тақырыбында сауалнама жүргізілді. Қорытынды сөз патологиялық анатомия кафедрасының мұғалімдеріне берілді. Сөз соңында белсенді қатысқан студенттерді сертификатпен марапаттады.

Мақала авторы: Рахметалы Дәулет

2 курс,  14-034-1