Желтоқсанның 16-сы Қазақстанның тәуелсіздік күні

Желтоқсанның 16-сы Қазақстанның тәуелсіздік күні. 1991 жылы ел басының жарлығымен 16-шы желтоқсан тәуелсіздік күні болып жарияланды. 1986 жылы болған оқиға елдің еңсесін көтеріп отаншылдық отын маздатқан еді. Халықтың тілегі қабыл болып, тәуелсіздік туы еліміздің көгінде желбіреді.

С. Ж. Асфендияров атындағы ҚазҰМУ-дың молекулалық биология және генетика кафедрасының тьюторлары доцент Нұртаева Құрманкүл  Сәлиқызы және оқытушы  Жүзжан Құралай Ермакқызының ұйымдастыруымен  13(1)-13(2);14(1)-14(2) Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттерінің қатысуымен  4-желтоқсан күні «Тәуелсіздік тірегіміз-Соғып тұрған жүрегіміз» атты кеш өтті. Кешке кафедра оқытушылары және студенттер қатысты. Кеш барысында, желтоқсанның жан түршігерлік сәттерінен қазіргі тәуелсіздігімізге  дейінгі жағдайлардың барлығы дерлік қарастырылды.

Қорытындылай айтқанда кеш студенттеріміздің отанға деген сүйіспеншілігін, жүректеріндегі патриоттық сезімдерін оятты.

Тьюторларымыз доцент Нұртаева Құрманкүл  Сәлиқызы және оқытушы  Жүзжан Құралай Ермакқызына алғысымызды білдіреміз!