«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САБАҚТАР ЖҮРГІЗУДЕ

«ЖАЛПЫ МЕДИЦИНА» ФАКУЛЬТЕТІ СТУДЕНТТІК ДЕКАНАТ БІРІНШІ КУРС СТУДЕНТТЕРІНЕ АРНАЛҒАН ҚОСЫМША САБАҚТАР ЖҮРГІЗУДЕ.

Бірінші курс студенттеріне арналған жоғарғы курс студенттерінен күрделі пәндерден қосымша сабақтар жүргізу бойынша жұмыстар ұйымдастырылуда.

Сіздердің өтініштеріңізге орай 28.11.2015 күні сағат 12:00-де «Қалыпты анатомия» пәнінен анатомиялық музейде түсіндірме сабағы өткізілді. Остеология бойынша бас сүйегі талданды.  Өзіңіз үшін біршама ақпарат алып, қызықты дәріс болды деген ойдамыз!!!
Студент-лектор: Иманбакиев Руфат

Руфат мырзаға үлкен алғыс білдіреміз! Өзіңіз бастаған студенттерді аяғына дейін алып шығады деген сенімдеміз!
Сонымен қоса «Қалыпты анатомия» кафедрасын, атап айтқанда Шакенов Бауыржан Шакенұлына  біздің бастамаларымызға қолдау көрсеткендері үшін алғыс айтамыз!

«Жалпы медицина» факультеті

Студенттік Деканаты