Жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті Дауитова Жадыра Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қорының шәкіртақысының иегері атанды

1

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қоры 2008 жылдан бері өзінің шәкіртақысын тағайындап келеді. Бұл шәкіртақылар жас ізденушілерге, ғылым, мәдениет және өнер саласындағы жастарға олардың  жұмысына қолдау көрсету және ізденуін жалғастыру мақсатымен беріледі. Шәкіртақы иегері атану үшін жастар арасында конкурс жыл сайын өткізілуде.

Жастар Ғылыми Кеңесі Қазақстанның барлық қалалаларынан келген өтініштерді қарастырып, солардың ішіндегі ең жақсыларын ерекшеледі. Шәкіртақыға ие болғандардың ішіне жалпы медицина факультетінің 4 курс студенті Дауитова Жадыра кірді.

2

Жадыра өзінің оқу барысындағы жоғары көрсеткіштерімен ғана емес, университеттің қоғамдық өміріне белсенді қатысуымен белгіленді.

« Бұл шәкіртақы менің ары қарай ізденуіме түрткі болып отыр және мен қазір өзіме қандай жауапкершіліктің арттырылғанын  сезіп, болашақта осы сенімді ақтауға тырысатын боламын. Мен біздің Университетімізге және Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Елбасы Қорына осындай мүмкіндік бергені үшін алғысымды айтамын»- деп,  Жадыра ақ жүрегінен ризашылығын білдіреді.

3

Студенттердің кез келген саладағы жетістіктері университет үшін мақтаныш болып табылады. Студенттердің осындай жетістіктерге жетуі қалған студенттерге үлгі боларына сенімдіміз.

                                                                                                    Жалпы медицина факультеті