Жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері тек АЛҒА!

Арыстандай айбатты

Жолбарыстай қайратты

Қырандай күшті қанатты

                          Мен жастарға сенемін – деп Мағжан Жұмабаев атамыз айтқандай еліміздің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанымыздың көк туының биіктерден көрінуі бүгінгі жастардың қолында. Осындай жастардың қатысуымен желтоқсан айының 2 жұлдызында “Альма матер”дебат клубының ұйымдастыруымен университет күндеріне орай факультет аралық турнир өткізілді. Ел тізгінін ұстар болашақ азаматтардың интеллектуалдық деңгейін арттыратын дебат ойындарына 2 факультеттен 10 фракция қатысты.  Қорытынды нәтижесі бойынша жүлдері орындарға жалпы медицина факультетінің 1 курс студенттері  ие болды.

1 орын «Көкжалдар» тобы —  Сандыбек Әлібек, Аскербек Аяулым

2 орын « Жас Алаш» тобы — Қабыл Айкен, Әбибала Айжан

    Осы студенттер жалпы медицина факультетінің үмітін ақтап, мерейін үстем етті. Жарайсыңдар! Осындай жеңістерің көп болып, өнерлерін өрге жүзсін.