Ең көрікті жұп

«Менің  жетістікке жетуіме үлкен үлес қосқан, бала күнімнен өнерге құштар  етіп  тәрбиелеген, қазақтың ұлттық аспабы домбыраны шертуге  үйреткен жан әкем  Әбдіхашым» — дейді Жалпы медицина факультетінің  2 курс 10-018-01 топ  студенті Шлиязданов Әзімбек. Жастайынан  ән айтып,  домбыра тартуға құмар болған  бүгінгі күні Әзімбек  «Екі жұлдыз» бағдарламасына қатысып байқаудың 3 сатысынан өтті.   Екі  жұлдыздың бірі, Әзімбектің жұбы болып   әні мен сәні сай  әлеуметтану пәнінің  оқытушысы  Тауекелова Толғанай Батыровна болды.

Бірінші сатысында Шәмші Қалдаяқовтың әні «Кешікпей келем деп ең», екіншісінде «Ялла» тобының әні «Чайхана», үшінші сатысында «До Мажор» тобының репертуарынан «Қайдасың» әнін орындап «Ең көрікті жұп» номинациясының жүлдегері атанды.  Әзімбектің өнерін паш  етуге  топ студенттері  көмектерін  аяған жоқ және өз сыйларын табыс етті. Факультеттің  мерейін үстем еткен студентіміз  Шлиязданов Әзімбекке деканат атынан үлкен алғысымызды білдіріп  өнер жолында және  оқуда   табыс тілейміз.

                                                                                                            Жалпы медицина факультетінің декан орынбасары Турсынбаева Р.А.