Елін сүйген — Елбасы

Қазақстан Мемлекетінің Тұңғыш Президенті күні мерекесіне байланысты  С.Ж.Асфендияров атындағы ҚазҰМУ — де Жалпы медицина факультеті мен фармакология кафедрасының оқытушылары ұйымдастыруымен 29 қарашада іс-шара жүргізілді.

1991 жылы 1 желтоқсанда алғаш рет Қазақ ССР Президентінің жалпыхалықтық сайлауы өтіп, ол сайлауда Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ел Президенті болып сайланғаны баршамызға мәлім. Яғни, өз тағдырын өзі айқындауға алғашқы қадам жасаған Қазақстан үшін 1 желтоқсан – мемлекеттілік тарихының мерейлі күні саналуға орны лайықты.

Жоғары Парламенттің бекітуімен 2012 жылы 1 желтоқсан Қазақстанда алғаш рет – Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мереке ретінде аталып өтіп, бұл баршамыз үшін қуанышты оқиға болды. Елбасына деген ел құрметін айрықша айғақтауға арналған бұл мерекенің дәстүрлік іс — шараға айналды.

Елбасымыз туралы презентацияны үш тілде таныстырған студенттеріміз  Сатылканова Мадинаға, Саргелек Назираға, Файзуллина Жазираға ағылшын тілінде жарық көрген фармакология кафедрасының кітаптарын сыйға тартты.