Гистология кафедрасының әдістемелік жұмыстары

Гистология кафедрасында әдістемелік жұмыс белсенді қарқынмен жүргізілуде. Гистология пәнін жүргізуді жетілдіру мақсатында 2010 ж  бастап 2 курс тіс емдеу факультетінде «Жеке гистологияны» оқыту барысында ТВL әдісі қолданыла бастады. 2010-2011 оқу жылында 2 курс «Жалпы медицина» факультеті студенттерінің тәжірибелік сабақтарында ТВL әдісі пайдаланылды.

ТВL әдісі – топтық әдіс – инновациялық оқыту әдісі. Медициналық жоғарғы оқу орындарында шағын топтарды оқыту барысында қолданылады. Бұл әдіс іс жүзінде түсініп меңгеру қабілеттілігінің дамуына әсер етеді және оқылатын материалды тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Осы әдістің арқасында оқытушы дайын білімнің көзі ғана болып саналмайды. Ол ол студенттердің алған білімдерін белгілі бір тапсырмаларды шешуге бейімдейді, ал селқос студенттер команданың белсенді мүшелеріне айналады. Нәтижесінде есептерді шығару дағдыларының қалыптасуы, курстың мазмұнын түсінуі жоғарылайды.

2006 ж мемлекеттік жалпы білім беруге (ГОСО — 2006) сәкес «Жалпы медицина» мамандығы бойынша 3 курс студенттеріне тәжірибелік сабақтарды оқыту модульдік жүйе бойынша жүргізіледі. Дәрістерде, лабораторлық сабақтарда,  аралық бақылауда оқылатын материалды меңгеру үшін кафедрада дайындалған микросуреттер альбомы, тест тапсырмалары және клиникалық ситуациялық  есептер жиі қолданылады. Клиникалық ситуациялық есептер студенттерді болашақ мамандықтары үшін іргелі пәндердің маңызын түсінуге жетелейді.

Тәжірибелік сабақтарда  гситологиялық препараттарды зерттеу барысында мультимикроскоп қолданылады, оқытушының бақылауымен студенттік топ команда құрайды. Алдында меңгерілген материалға сүйене отырып оқытушының нұсқауымен препараттарды зерттейді, талқылайды, гистологиялық құрылымдарды ажыратады, анықтайды. Білім  беру  сапасын  жоғарлату  мақсатында  «оқытушыларға  арналған   әдістемелік  құрал»2010 ж мемлекеттік  тілде  жарыққа  шықты. «Гистология1», «Гистология2» бойынша  «оқытушыларға  арналған  құрал»  орыс  тілінде  баспаға  дайындалды. Бұл  құралдарды  оқытушылар  «жалпы  медицина», «стоматология»  факультеттерінің  студенттері  тәжірибелік  сабақтарды  өткенде  пайдаланады. Бұл  құралдар 2005ж  гистология  кафедрасы  жарыққа  шығарған   студенттерге  арналған  әдістемелік  нұсқауларды  негізге  ала  отырып  дайындалды.

Сонымен  қатар  2006ж  «Атлас гистология, цитология  және  эмбриология»  атты  оқу  құралы  жарыққа  шықты. Бұл  атласта  көптеген  микросуреттер, электроннограммалар, суреттер  және  үлгілер  қамтылған. Ал  2010ж  «гистология, цитология  және эмбриология  бойынша  тәжірибелік  сабақтарға  арналған  микросуреттер  атласы»  баспадан  шықты. Бұл  атластар  гистологиялық  құрылымдарды  студенттердің  тереңірек  меңгеруіне  мүмкіншілік  береді.

Студенттердің  өздігінше  жұмыс  істеуіне  арналған  « гистология-1, гистология-2»  бойынша  әдістемелік  нұсқаулар  дайындалды.  Студенттердің  білімдерін  тексеруге арналған  оқу-құралдары  « гистология-1» пәні  бойынша  «тесттер  жинағы» 2009ж  және  « гистология-2» пәні  бойынша  тесттер  жинағы-2010жылдар  жарық  көрді.