Бүкіл әлемдік туберкулезбен күрес күніне арналған студенттердің ғылыми- тәжірбиелік конференциясы

30.03.2012 жылы жалпы медицина факультеті мен университеттің студенттер Үкіметінің ұйымдастыруымен Бүкіл әлемдік туберкулезбен күрес күніне арналған студенттердің ғылыми- тәжірбиелік  конференциясы өткізілді. Конференцияға келген қонақтар: клиникалық бөлімнің бастығы Измаилова С. Х., фтизиопульмонология кафедрасының доценті Касенова Л.Ш. және микробиология, вирусология және иммунология  кафедрасының доценті Тәуірбаева Н.Т.  Конференцияда туберкулез дертіне қатысты баяндамалар оқылып, қазіргі таңдағы өзекті мәселелер талқыланды.

Конференцияда оқылған баяндамалар: «Туберкулез-ғасырдың өлім тұзағы» жалпы медицина факультетінің  3 курс студенті Әбілова Г., «АИВ-жұқпасы кезіндегі туберкулез» жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Айдаров Д., «Мультирезистентный туберкулез» жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Балмуханова А., «Туберкулезбен күресу шаралары» жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Дильдабекова.А., «Туберкулезбен күрес шараларындағы еріктілердің алатын рөлі» Жабағов Д. жалпы медицина факультетінің 5 курс студенті.

Конференцияны қорытындылай келе клиникалық бөлім бастығы Измаилова С.Х. университтегі туберкулез ауруының таралуы туралы статистикалық мәліметтерді келтіріп, алдын алу шараларын ұсынды. Баяндама оқыған студенттерге сертификаттар мен сыйлықтар тапсырылды.

Жалпы медицина факультетінің 3 курс студенті Асқар Еңлік